Павлодар облысы
қаржы басқармасының
бекітілген
Павлодар облысы әкімдігі,
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«Качиры орталық аудандық аурухана»
коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының
ЖАРҒЫСЫ
- Жалпы ережелер
- Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Качиры орталық аудандық аурухана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанындағызаңдытұлға болып табылады.
- Кәсіпорын Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қарашадағы «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық ұйымдары желілерін қайта құру туралы» №223/17 қаулысына сәйкес құрылды.
- Павлодар облысы әкімдігі (бұдан әрі-Әкімдік) жергілікті атқарушы органның, кәсіпорынның құрылтайшысы болып табылады.
- Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын Павлодар облысы әкімдігі жүзеге асырады.
-
Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын органы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы болып табылады (бұдан әрі – Басқару органы).
6. Мемлекеттiк кәсiпорынның мемлекеттiк тiлдегi атауы: Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Качиры орталық аудандық аурухана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Мемлекеттiк кәсiпорынның орыс тiлiндегі атауы: Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Качирская центральная районная больница» управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области.
- Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140600, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 88-үй.
- Кәсіпорынның заңды мәртебесі
- Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылған және заңды тұлғаның құқықтарын иеленген болып саналады.
- Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның мемлекеттік тілде атауы бар мөрі, мөртанба және бланкілерге сәйкес болады.
- Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жергілікті атқарушы органның рұқсатымен құрып, сонымен қатар, өзін басқа заңды тұлғаның құрушысы (қатысушысы) ретінде көрсете алады.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдары мен өкілдіктерін құра алады.
- Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрдегі мемлекеттік тіркеуге немесе басқа да тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық келісімдер тіркелген күннен бастап егер өзге жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көрсетілмесе, жасалған болып саналады.
- Кәсіпорын қызметінің мәні және мақсаттары
- Кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады:
1) мамандыққа сай-кеңестік кең көлемдегі қызмет түрлерін көрсету, ауданның тұрғындарына үйлерінде немесе емханада диагностикалық және емдеу түрлерін жүзеге асыру;
2) сырқат адамдарды тегін емдеуге мемлекеттік сұраныс бойынша алынған қаражатты шығындауды ұтымды және мақсатты жүзеге асыру;
3) сырқат адамдарды емдеу мен диагностикалаудың құралдары мен қазіргі әдіс-тәсілдерін тәжірибеге кең көлемде енгізу мен уақтылы игеру, жүзеге асыру;
4) Кәсіпорын қызмет көрсету аумағында сырқаттарды толық есепке алу, жылдық есепті құрастыру;
5) жалпы емдеу желісінің мамандарына кеңес беру қызметін ұйымдастыру;
6) Кәсіпорынның медициналық қызметкерлері мен дәрігерлердің біліктіліктерін арттыру бойынша шараларды жүзеге асыруда қысқа мерзімді курстарды өткізу мен оқытудың басқа да формаларын іске асыру;
7) емдеу-диагностикалық қызметті әрі қарай жандандыру бойынша болашағы зор жоспарларды жыл сайын дайындап отыру;
8) салауатты өмір сүру салтын насихаттау бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жолға жою;
9) Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшылары бекіткен тізімге сәйкес кепілдендірілген тегін көмек көрсетудің көлеміне қосылмайтын медициналық қызметтің кейбір түрлерін ақылы негізде жүзеге асыру (маман дәрігерлердің кеңес беру түріндегі қабылдаулары, зерттеулер, рентген-сәулелік диагностика, басқа да шаралар менем-дом жағдайларын, физиошаралар, медициналық байқаудан өткізу).
10) келісімшарт негізінде кәсіпорындар мен ұйым-мекемелерге медициналық қызмет көрсету;
11) Кәсіпорын әрекетін дамыту мен қолдау үшін қажетті кірісті алу, осы мақсатта мемлекеттік сұранысты іске асыру, төлемді қызмет көрсету жүйелі мен кәсіпорындармен шаруашылық келісімшарттарын жүзеге асыру;
12) мемлекеттік сатып алу туралы туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тауарды сатып алуды ұйымдастыру, жұмыс пен қызмет түрлерін жүзеге асыру.
13.Кәсіпорын әрекетінің мақсаты болып табылады:
1) денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық әрекеттерін жүзеге асыру;
2) әлеуметтік міндеттерді шешу, медициналық қызмет нарығын игеру жолымен кіріс алу;
3) ересектер мен балалардың денсаулығын қорғауға арналған бағдарламаларды орындау;
4) амбулаториялық және стационарлық көмекті ауданның тұрғындарына қажетті көлемдегі көмекті қамтамасыз ету.
- Кәсіпорында алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін келесі әрекеттер жолға қойылады:
1) медициналық қызмет:
— кеңес беру-диагностикалық медициналық қызметті ересектер мен балаларға көрсету – мамандықтар бойынша жүзеге асады: хирургия, физиотерапия, жұқпалы аурулар, көз сырқаттарын емдеу бағыты, психология-нашақорлық, анестезиология және жан сақтау бөлімі, диетология, педиатрия, жүйке сырқаттары, құлақ-мұрын аурулары, стоматология (терапевтік), кардиология, отбасылық дәрігер, жалпы терапия, эндокринология, тері аурулары – жыныс аурулары).
— Диагностика: функционалдық, жалпы клиникалық зерттеу, серологиялық зерттеу, рентгендік диагностика, ультрадыбыстық диагностика, эндоскоптық диагностика;
-кеңес беру – диагностикалық медициналық көмек ересек тұрғындарға мына бағыттар бойынша беріледі: профпатология, акушерлік және гинекология;
-ересек тұрғындарға стационарлық медициналық көмек мына мамандықтар бойынша ұсынылады: транфузиология;
-эксперттік медициналық әрекет-нашақорлық экспертиза;
-бастапқы медициналық-санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі қызметтер көрсетіледі (Песчаное ауылындағы ДА; Львовка ауылындағы ДА; Береговое ауылындағы ДА; Трофимовка ауылындағы ДА; ДА Октябрьское ауылындағы; ФАП Байқоныс ауылы; ФАП Жаңабет ауылы).
- «Есірткі құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар және олардық заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 1998 жылғы 10 шілдедегі №279 бекітілген Тізімінің ІІ, ІІІ, ІV кестелерінің құрамында есірткі құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарының айналымы мәлімделген қызмет түрін іске асыру үшін қажетті тұтыну нормативі шегінде жүзеге асырылады.
- есірткі құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды алумен, сақтаумен, қолданумен және жоюмен байланысты қызметпен айналысуға.
- Қазіргі жарғыда бекітілген, Кәсіпорын өзінің қызметі мен мақсатына жауап бермейтін келісімдерді жасауға және қызметті іске асыруға құқығы жоқ.
- Кәсіпорынның қызмет мақсаттарына, Қазақстан Республикасының шектелген заңдарына немесе басқарушы құжаттарына, не басшының жарғылық құзіреттілігінің бұзушылығымен қарсы жасалған келісім шарты жергілікті атқарушы органның шағымымен, Кәсіпорынды басқару органымен, облыстық коммуналдық бюджетті пайдалануға уәкілеттенген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен, немесе прокурормен жарамсыз деп саналуы мүмкін.
- Басшының Кәсіпорынның жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып саналады және тәртіптік және материалдық жазаға әкеліп соғады.
- Кәсіпорынды басқару
- Жергілікті атқарушы орган:
1) Кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;
3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;
4) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнама- сында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте Басқару органы келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) бір мекемеге қарасты заңды тұлғаларды басқару сұрақтары бойынша акт әзірлейді, оның іске асуын қамтамасыз етеді;
2) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс жасайды;
3) Кәсіпорынның Жарғысын бекіту туралы ұсыныс жасайды, оған өзгеріс пен толықтырулар енгізуді ұсынады;
4) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;
5) Кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі бекітеді.
6) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын талдауды және бақы-лауды жүзеге асырады;
7) Кәсіпорын мүлкінің сақталуын және қолдануын бақылауды қамтамасыз етеді;
8) Кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасы және осы Жарғы жүктеген басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.
- Кәсіпорынның Басшысы оның органы болып, сонымен қатар қазіргі жарғының 5 бөлімімен көзделген жағдайларда бақылау кеңесі болып табылады.
- Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Рес- публикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
- Басқару органы Кәсіпорын басшының еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасау арқылы ресімдейді.
Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстық белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын Басшының жауапкершілігі айқындалады.
- Кәсіпорынның басшыны Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
- Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қар- сы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
- Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
- Басшы:
1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдде- лерін барлық органдарда білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кә- сіпорынның мүлкіне билік етеді;
3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) банктік шоттар ашады;
6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шы- ғарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;
Басқару органы Басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы оның Жарғысында белгіленеді;
8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның
қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;
9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың Басқару органына кандидатуралар ұсынады;
10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызмет- керлерінің құзыретін белгілейді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функ- цияларды жүзеге асырады.
- Кәсіпорын және жергілікті атқарушы органдарының өзара қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
- Кәсіпорын және басқарма органдарының өзара қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
- Байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы
Кәсіпорынды басқару ерекшеліктері
- Кәсіпорында Басқару органның ұсынысы бойынша байқау кеңесі құрылуы мүмкін.
- Байқау кеңесін құру реті, байқау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар, сонымен қатар байқау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу реті мен уәкілеттіліктерін мерзімнен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген.
- Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау мен байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шегін анықтау Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған.
- Байқау кеңесінің қызметі әрекет етуші заңнамамен және байқау кеңесінің бекітілген ережесімен реттеліп отырады.
- Кәсіпорынның мүлкі
- Кәсіпорынның мүлкін, құнын оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
- Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлары) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
- Кәсіпорынның мүлкі:
1) оған меншік иесі берген мүліктің;
2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыс- тарды қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.
- Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көз- делген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
- Шаруашылы жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өз- геше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
- Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
- Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
- Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
- Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 42-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
- Осы Жарғының 41 тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құ- қығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.
Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:
— шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызме- тінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;
— артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мү- лікті алып қою жатқызылады.
- Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы орган, облыстық коммуналдық мүлікке бұйрық етуге өкілетті) Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.
- Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен тиісті саланың Басқару органының ұсынымы бойынша филиалдар, өкілдіктер құруға құқылы,сондай-ақ дебиторлық берешекті басқару.
- Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі заттарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес бұйрық етеді.
- Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 44 және 45 тармақтарында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.
- Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
- Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
- Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган белгілейді.
Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.
Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
- Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы) өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсiпорынның олар-ды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыз-дығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.
- Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемі шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың Басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгiлейдi.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіп- орынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
- Кәсіпорынның жарғылық капиталы
- Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 320014465,90 (үш жүз жиырма миллион он төрт мың төрт жүз алпыс бес теңге, тоқсан тиын) құрайды, бұл Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне толық көлемде қалыптастырылды.
- Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі
- Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есепті- лігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
- Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
- Кәсіпорынның жауапкершілігі
- Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
- Еңбек ұжымымен өзара қатынас
- Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжым арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
- Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
- Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
- Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Басқару органы белгілейді.
- Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақы- лар мөлшерiн, сыйықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбек- ке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
- Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың Басқару органы белгiлейдi.
- Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
- Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
62 Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды Басқару органы жүзеге асырады.
- Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
Несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.
- Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
- Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толық-
тырларды жергілікті атқарушы органдар енгізеді немесе оған жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқарушы органға өкілеттік беріледі.