Андосов Мұхаметқайыр Тағлымұлы 1962 жылғы 29 желтоқсанда Павлодар облысы Май ауданы Киров ауылында қызметкерлер отбасында туды.
1980 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетінің 1 курсына оқуға түсті. Бітірген соң, 1986 жылы Павлодар қаласының №2 қалалық ауруханасында терапия мамандығы бойынша интернатурадан өтті.
1988 жылдан бастап 1990 жылдар аралығында Совет армиясы қатарындағы қызметте бөлімнің медициналық қызметінің бастығы болды.
1990 жылдан 1992 жылдар аралығында Павлодар Алюминий Зауытында медико-санитариялық бөлімде терапевт дәрігер болып қызмет атқарды.
1992 жылдан 1995 жылдар аралығында эндоскопист дәрігер болып жұмыс істеді.
1995 жылдан 1997 жылдар аралығында Павлодар Алюминий Зауытында медико-санитариялық бөлімде бас дәрігер болып тағайындалды.
1997 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласының қалалық аудандық
медициналық бірлестігінің бас дәрігері болып тағайындалды.
2004 жылдан бастап 2005 жылдар аралығында Павлодар ауданының денсаулық сақтау бөлімінің бастығы болды.
2005 жылдан бастап 2009 жылдар аралығында «Павлодар нефтехимиялық зауыты» ЖАҚ «Нефтехимик» профилакториясының бас дәрігері болып қызмет істеді.
2009 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында «Кастинг» ЖШС ПФ директордың жалпы сұрақтар бойынша орынбасары болып тағайындалды.
2010 жылдан бастап 2014 жылдар аралығында «Павлодар қаласының №4 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері болып қызмет атқарды.
2014 жылғы 17 қыркүйектен бастап- «Екібастұз қалалық ауруханасы» ШЖҚ
КМК бас дәрігері болып қызмет атқарып келеді.
Үйленген, 2 баласы, 1 немересі бар.
2001 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Басшы туралы