Сәлеметсіз бе!!
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі сайтына қош келдіңіз!
ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК
Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты — проблемалы мәселелерді анықтау және медициналық көмек сапасын одан әрі жақсарту.
Егер де Сіз:
-медициналық көмек спасына көңіліңіз толмаса;
—медициналық қызметкерлер дөрекілік танытса;
-тегін медициналық қызметтің кепілді көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет көрсеткені үшін ақша сұраса;
-сонымен қатар медициналық көмек тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалы мәселелерге тап болсаңыз, Пациенттерді қолдау қызметіне жүгініңіз!
Сіз атыңыз, фамилияңыз, байланыс телефондарыңыз (телефон, мекенжай) көрсетілген жазбаша өтінішіңізді аурухананың кіре берісінде орналасқан Өтініштер салу жәшігіне тастауыңызға болады. Сонымен қатар «Бас дәрігердің блогы» айдарындағы www.auruhana1.kz сайтына жүгінуіңізге болады.
Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтініңшіңізді тез арада 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей қарастырып, өтінішіңізді қарастыру нәтижесі туралы ақпаратты ұсынады.
Пациенттерді қолдау қызметіне емделіп жатқан пациенттер де, оның туысқандары да жүгінуге құқылы.
Біз ұйымдағы көрсетіліп жатқан медициналық көмек сапасын жақсартуға себін тигізетін Сіздің өтінішіңіз, ұсынысыңыз, пікіріңізге алғысымызды білдіреміз!
Пациенттерді қолдау қызметінің нөмірі: 27-85-76
Құрметпен,
Пациенттерді қолдау қызметі
2017 жылдың бастапқы 6 айындағы тіркелеген өтініш саны — 27
Сонын ішінде өтініш түрлерінен: ауызша өтініш — 24, жазбаша өтініш-3
Өтініш мазмұны:
Қате емдеу, тексеру — 6
Ауруханаға жатқызудан бас тарту — 7
еңбекке жарамсыздық парағын беру негізділігі — 2
Науқастын қабылдауыда ұйымдастыру кемшіліктері (стационар, ЖЖМК) — 7
этика және деонтология бұзу — 3