контакт: Дәрігер-сарапшы- 8(7182)-55-57-34 Регистратура - 8(708)4665715; 8(7182) -55-52-10 Instagram - @pgcrd_pvl E-mail - pgcrd@mail.ru
адрес: Павлодар қ-сы, Лермонтов к-сі, 59 үй
Мемлекеттік қызметтер

Қазақстан  Республикасы

Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы «27» сәуірдегі №272

бұйрығына  2-қосымша

 

«Дәрігердің қабылдауына жазылу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

  1. Жалпы ережелер

 

 

  1. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы жүгінген күні көрсетіледі:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 10 (он) минуттан аспайды;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар 2 топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды.

5.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;

Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта медициналық көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну кезінде немесе телефон байланысы арқылы жүгінген күні және порталға электронды форматта жүгінгенде – дәрігердің кестесіне сәйкес бос уақытты таңдау мүмкіндігі беріледі.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.