Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Павлодар облысында медициналық кадрларға тапшылығын төмендету бойынша атқарған жұмыс туралы

Дата: 2012-04-28 06:13:27

Медициналық кадрлардың тапшылығын төмендету үшін денсаулық сақтау басқармасында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
 Облыс медициналық ұйымдарының бөлінісінде дәрігерлік және орта медициналық қызметкерлерде бар кадрлық тапшылық бойынша мониторинг жүргізілді.
 Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Н.Қ. Қасымов облыс қалалар мен аудандар әкімдерімен «Әлеуметтік пакет» және келетін жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға пайызсыз несие беру бойынша жұмыс жүргізді. 
 Семей қаласы мемлекеттік медициналық университетінде 26 сәуірде жұмыс берушілердің съезді және 2012 жылғы түлектердің бос орындар жәрмеңкесі өтті. 
 Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Н.Қ. Қасымов Павлодар облысында денсаулық сақтауды болашақта дамыту туралы баяндамамен шықты.  
 Осы іс-шараларға медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері де қатысып, түлектермен және ЖОО 6 курс түлектерімен шарт жасады. 
 Съезд жұмысы барысында жұмыс берушілер Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарға жас мамандарды тарту жөнінде оң тәжірибесі барын айтып кетті. 

 

Автор: Басқарма