Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2013 жылғы жұмысының қортынды алқасын өтті.
6 ақпан 2014 жылы облыс әкімінің орынбасары Ғ.К. Садибековтың қатысуымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2013 жылғы жұмысының қортынды алқасын өтті.
Жұмыс алқасына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, облыс аудандары мен қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстың медициналық ұйымдардың басшылары мен орынбасарлары қатысты.
«2013 жылға Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жұмыс қорытындысы және 2014 жылға қойылған міндеттері» баяндамасымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Қ.Қасымов сөз сөйледі.
Алқада Павлодар облысының медициналық ұйымдарының 2013 жылы Бірыңғай төлеуші жүйесінде атқарылған жұмыс қорытындылары жайында, Глобальді бюджет аясында облыста онкологиялық қызметті дамыту, 2013 жылға жұмыс қорытындысы және 2014 жылға қойылған міндеттер бойынша туберкулезге қарсы іс-шаралар жүргізу, Облыста эпидемиологиялық жағдайды жақсатру сұрақтары талқыланды.
Облыс әкімінің орынбасары Ғ.К. Садибеков өзінің сөзінде, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарлату мәселелерін қозғады, медициналық кадрлардың кәсібилігін жоғарлату жолдарын айтып өтті. Ол: біліктілігін жоғарлату курстары және мастер- класстарды өткізу.
Жалпы 2013 жылы денсаулық сақтау басқармасы атқарған жұмыс қанағаттанарлық деп танылды.
2014 жылға денсаулық сақтау басқармасына қойылған тапсырмалары: азаматтардың алдағы уақытта денсаулықтарын нығайту, денсаулық сақтау жүйесінде белгілі жетістіктер көрсету, облыста халықтың әлеуметтік – демографиялық дамуына жағдай жасау.