Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69- жылдығын мерекелеуге қатысу туралы

9 мамырда Денсаулық сақтау басқармасының ұжымы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69-ы жылдығы құрметіне арналған митингі мен Мәңгілік Алау мемориалына және Даңқ тұғырына гүлдер қою салтанатты рәсіміне қатысты, мұнан соң рәсімге қатысушылар алапат жылдары қаза тапқан қазақстандық-жауынгерлерді минуттық тыныштықпен еске алу рәсімін жасады. Өздерінің отбасыларымен бірге, басқарма қызметкерлері Орталық алаңда далалық ас үймен ұйымдастырылған «жауынгер ботқасынан» дәм татуға мүмкіндік алды, сондай-ақ мерекелік концертте шығармашылық ұжымдардың қатысуымен соғыс жылдарындағы тамаша әндерді тыңдап рахаттанды.