Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Павлодар қаласында «ӨҢІРЛІК КАРДИОЛОГИЯ МЕН КАРДИОХИРУРГИЯНЫҢ БОЛАШАҒЫ» атты І Өңіраралық кардиологтар мен кардиохирургтердің конференциясы өтті.

Дата: 2014-06-03 12:39:33
Павлодар қаласында «ӨҢІРЛІК КАРДИОЛОГИЯ МЕН КАРДИОХИРУРГИЯНЫҢ БОЛАШАҒЫ» атты І Өңіраралық кардиологтар мен кардиохирургтердің конференциясы өтті.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының бастауымен «Павлодар қаласындағы өңірлік кардиохирургиялық орталық» бірлесіп 29-30 мамыр аралығында «ӨҢІРЛІК КАРДИОЛОГИЯ МЕН КАРДИОХИРУРГИЯНЫҢ БОЛАШАҒЫ» атты І Өңіраралық кардиологтар мен кардиохирургтердің конференциясы өтті.

Қанайналым жүйесінің аурулары елдің өлім-жітім мен мүгедектігінің себебі арасында бірінші орында, екінші орын – жалпы аурулардың арасында, бұл кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметін жетілдіру үшін тиімді шараларды қолдану қажеттілігін шарттайды. Осы жағдай конференцияны ұымдастыруына себеп болып отыр.

Конференцияның бағдарламасында туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауларының кардиологиялық және кардиохирургиялық емдеуі, жүректің ишемия ақауы, интервенциялық кардиология,  жүрек-қанайналым аурулардың емдеуіне гибридтік технологиясын енгізу, халыққа кардиологиялық, кардиохирургиялық және оңалту көмек көрсетуін оңтайландыру бойынша сұрақтар талқыланады. Жетекші мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтар өткізіледі.Бұл кәсібилік деңгейді жоғарылату, қазірғі технологияларды енгізу, медициналық қызмет сапасын жақсартуына мүмкіндік береді.

Конференцияны облыс әкімінің орынбасары Ғани Қалыбайұлы Сәдібеков ашты

Конференцияға Беларусь республикасы, Минск қ. «Кардиология» РҒТО профессоры Ю.П. Островский, Литваның Вильнюс қ. «Сантарижкас» клиникасынан доктор Г. Рачкаускас, Ресейдің Мәскеу қ. РМҒА Бакулев атындағы Жүрек-тамыр хирургиясының Ғылыми Орталығының м.ғ.д. П.В. Кахкцян, Ресейдің Томск қ. «Кардиология» ҒЗИ м.ғ.д. Ю.Ю. Вечерский қатысты. 

Автор: Басқарма