2014 жылғы 12 маусымда Медициналық қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

2014 жылғы 12 маусымда Медициналық қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.
Міне 34 жылдан аса бұл кәсіби мереке аталып келеді.
Бұл күні ақ халаттағы абзал жандар игілікті емделушілерден құттықтауларды ала отырып, адамдарға септігін тигізетін ең маңызды және қажетті өз қиын мамандығына мақтанышты сезінеді. Сірә, бұл әлемде бірде бір адам медицина көмегі болмай ісі тынбайды. Жиі болатын жағдай, тек қана дәрігер адамды үміттендіреді және жазылып кетуіне сендіруге қабілетті!
Салтанатты жиналыс Павлодар облысы әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековтың қатысумен бірге өткізілді. Мемлекеттік органдардың басшылары, облыстағы медициналық қызметкерлер шақырылды.
Шақырылғандардың назарына облыс денсаулық сақтаудың дамуы туралы фильмнің көрсетілімі ұсынылды.
Медициналық қызметкерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, облыс әкімдігінің, облыс мәслихатының, облыстық медициналық қызметкерлері кәсіподағының сыйлықтарымен марапатталды.
Медициналық қызметкердің жоғарғы шеберлігінің құрметіне орай 2012 жылдан бастап арнайы номинациялар белгіленді.
«Павлодар облысының алтын скальпелі»номинациясының иегері – Павлодар облыстық онкологиялық диспансердің директоры – Мұрат Құснұлұлы Сүлейменов иеленді.
«Павлодар облысының алтын фонендоскопы» номинациясының иегері - Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының терапия бөлімшесінің меңгерушісі – Зәмзәгүл Мәдиқызы Смағұлова атанды.
«Өмірді ұсынған алтын қолдар» номинациясының иегері - №1 Павлодар қалалық ауруханасының гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі - Алия Рузвильевна Ахметова атанды.
Облыста «ең үздік медициналық ұйым» атты өңірлік конкурсы өткізілді. «Павлодар облысының ең үздік медициналық ұйымы» номинациясының иегері – «Павлодар қаласының №5 емханасы» иеленді.
«Өмір үшін ерлік» номинациясы бойынша марапаттау әдетке айналлды. «Өмір үшін ерлік» номинациясы бойынша лейтенант полициясы Е.К. Нургалиев марапатталды. Ол жанған үйдегі адамдарды құтқарып, оларға алғашқы көмек көрсеткен.