Денсаулық фестивалі-2015
Аталған акцияның өтілу мақсаты тұрғындарға салауатты өмір салтын қалыптастыруын насихаттау.
Фестивалдің өтілу барысында «Денсаулық» медициналық қалашығы ұйымдастырылды, бұл жерде медициналық қызметкерлер (терапевт, дерма-венеролог, педиатр, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, ЖИТС ОО және басқа да) қандағы қантты, холестеринді, дене салмағы мен қан қысымын өлшеді. Денсаулықты сақтау және нығайту таралы кеңестер айтылды. «Денсаулық фестивалі-2015» барлық қатысушыларына (плакаттар, таратпа қағаздар, буклеттер, парақшалар) салауатты өмір салтын қалыптастырудың барлық аспектілері бойынша тегін медициналық ақпараттармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар «Дұрыс тамақтану бұрышы» мамандары тұрғындарға дұрыс тамақтану бойынша сұрақтарына кеңес берді, Денсаулық фестиваліне қатысушыларға тамақтану үлгісін көрсетті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спортшылар өз өнерлерін ортаға салды. (акробаттар – гимнасттар, каратистер, дзюдоистер, таэквондистер және басқалар), сайыстар, викториналар, балалар шығармашылығының көрмесі болды.
Павлодар облысының медициналық қызметкерлері, жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары, орта және жоғары оқу орындарының студенттері, мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары осы акцияға белсенді түрде қатысты. Осы акцияға Павлодар қаласы бойынша 5000 мыңнан аса адам қатысты.
Денсаулық Фестивальдері облысымыздың қала мен аудандарында өткізілді.