Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz

Празднование Дня Победы

Дата: 2010-05-12 18:00:00
Биылғы жылы еліміз Ұлы Жеңістің  65 жылдығын тойламақ. Окоптарға гүл өсіп, көзден қуалай аққан жас тамшылары әлдеқашан кеуіп кетсе де, соғыстың салған жарасы әлі жазылған жоқ.
Фашизмді жеңу жолында үлкен үлес қосқан жерлестеріміздің соғыс пен тылдағы ерен ерлігі ұмытылмақ емес.  
Жауды жеңуге   тек майдан даласындағы кескілескен шайқастар  ғана емес,   сонымен қатар балқыту пештері мен астық алқабындағы еңбек дүбірі  де өз әсерін тигізді.  Біздің адамдар тылда  "Барлығы - майдан үшін, барлығы - Жеңіс үшін", "Тылда да соғыстағыдай!", "Өзің үшін ғана емес", майданға аттанған жолдасың үшін!” – деген ұрандармен еңбек етті. Барлық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы майдан қажеттілігіне жұмыс істеді.   

Жеңіс жолында майдан мен тылдағы дәрігерлер еңбегі ерекше. Олар жаралы жауынгерлер мен мүгедектерге, майдангерлерге үлкен қамқорлық  жасап, олардың  жаңа мамандықты игерулеріне жағдай жасады.  

Майдан даласында қаза тапқан, тылда ерен еңбек үлгісін көрсеткен жерлестеріміздің есімі ғасырдан ғасырға мәңгі жасай бермек!