Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Рұқсат етілетін қызмет туралы ақпарат

Дата: 2011-07-13 11:21:43

Рұқсат етілетін қызмет туралы ақпарат

 Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Біліктілік талаптарын және медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау Ережесін бекіту туралы» № 2301 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер енгізумен медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады. 
 Лицензияларды және оған қосымшаны береді, қайта ресімдейді, сондай-ақ лицензиялардың және оған қосымшаның тұпнұсқасын жоғалтқан жағдайда медициналық қызметтің мынандай түрлері беріледі: 
- бастапқы медициналық –санитарлық көмек: дәрігерге дейінгі,
білікті, жедел медициналық жәрдем;
- Диагностика: радиологиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалды, эндоскопиялық, патологиялық анатомия;
- Зертхананлық диагностика: бактериологиялық, биохимиялық,
Иммунологиялық зерттеу, адамның иммунды тапшылығы вирусын зертхананалық диагностикалау (АҚТҚ-диагностика), жалпыклиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеу;
 - қанды және оның құрам бөлігін дайындау, консервлеу, қайта өңдеу, сақтау және іске асыру;
 - ересектер мен балаларға консультативті-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек – мындай мамандықтар бойынша: 
  Акушерлік және гинекология;
  педиатрия;
  жұқпалы аурулар;
  терапия: жалпы, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсіби патология, отбасылық дәрігер; хирургия: жоспар, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, бет-жақсүйек, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия;
  дерматовенерология (дерматокосметология);
  психиатрия: наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
  фтизиатрия;
  онкология;
  стоматология;
  - Дәстүрлі медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануальды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи өсетін заттармен емдеу;
  - Медициналық оңалту: физиотерапия, массаж, емдеу дене шынықтыру; спорттық медицина;  
  Лицензияларды және оған қосымшаны береді, қайта ресімдейді, сондай-ақ лицензиялардың және оған қосымшаның тұпнұсқасын жоғалтқан жағдайда фармацевтикалық қызметтің мынандай түрлері беріледі: 
 - дәрілік заттарды дайындау, медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау, дәріханалар арқылы дәрілік заттарды бөлшектеп іске асыру, дәріханалар, оптика дүкендері арқылы медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшектеп іске асыру;
 - медициналық техника дүкендері арқылы медициналық техникаларды бөлшектерді іске асыру.
  Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы Павлодар қаласы, 1 мамыр көшесі, 7, 1 қабат, № 4-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан, байланыс телефондары: 554565,550359, эл.мекенжайы: zhabagina.dz@pavlodar.gov.kz..
 2011 жылы 1 жартыжылдықта медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін 54 өтініш қабылданды, соның ішінде: қайта ресімдеуге 8 өтініш – 8 лицензианқа берілді, қабылданбаған өтініштер жоқ. Қалған 46 өтініштен 41 лицензиантқа лицензия және оған қосымша берілді. Медициналық қызметке лицензиялар мен оған қосымшалар 5 лицензиантқа берілген жоқ, себебі біліктілік талаптарына сәйкес келмейді. Біліктілік талаптарына сәйкес келтірген кезде лицензианттар өтінішті қайта қарастыру үшін қайта өтініш беруге құқықтары бар. 
Фармацевтикалық қызметке лицензия алу үшін 30 өтініш қабылданды, 29 лицензиантқа лицензиялар мен оған қосымшалар берілді, 1 лицензиантқа берілген жоқ, себебі біліктілік талаптарына сәйкес келмейді. Біліктілік талаптарына сәйкес келтірген кезде лицензианттар өтінішті қайта қарастыру үшін қайта өтініш беруге құқықтары бар. 
 

Автор: Басқарма