контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты байқауы

Дата: 2014-01-29 04:58:33
«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты байқауы

     2014 жылғы 24 қаңтарда «Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері»КМҚК-ның қызметкерлері арасында бас дәрігер Кахан Орынбекұлы Иманбековтың қолдауымен және ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты байқауы өткізілді.Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеті: Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін арттыру, мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіру, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу.

Байқау төрт кезеңнен тұрды:

1) Таныстыру (қатысушы өзін таныстырады);

2) Өнер (ән айту немесе басқа да өнерін көрсету);

3) Қазақ ұлттық тағамымен және  пісіру әдісімен таныстыру;

4) Қазақ тарихы туралы әңгімелеу.(слайд)

Байқауға қатысушылар қазақтың ұлттық киімдерінде болды.

Әділқазылар алқасы келесі құрамда болды:

-         Арнайы қонақ «Ана тілі орталығының» оқытушысы Каспикамал Темірғалиқызы Бектұрова;

-         Бас дәрігердің м.а. Ольга Леонидовна Савельева;

-         Бас дәрігердің орынбасары Абай Оразбайұлы Темірғалиев.

-         «ПОПНД» -ның Кәсіподақ төрағасы, бөлімше меңгерушісі Қаламқас Рашидқызы Сармантаева.

-         «ПОПНД» -ның бас есепшісі – Гүлмира Қуандыққызы Байбекова.

-         «ПОПНД»кадр бөлімінің испекторы Баян Муратқызы Шамбасова.

       Осы байқаудың жүргізушісі және ұйымдастырушысы- «Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері»КМҚК  Мемлекеттік тілді оқытушы Жанар Жақсылыққызы Чапибаева.

 

«Гран-при»иеленген – Психикалық денсаулықты сауықтыру орталығының өкілі- Граманчук Ирина Петровна;

1-ші орынды-3 әйелдер бөлімшесінің өкілі- Иванченко Мария Александровна иеленді;

2-ші орынды– Останин Александр Николаевич – Екібастұз психоневрологиялық диспансерінің өкілі;

3-ші орында– Бухарина Александра Викторовна 2 әйелдер бөлімшесінің өкілі;

Сонымен қатар «Шығармашылық белсенділігі үшін» және «Қазақ тілін үйренуге деген талабы үшін» аталымдары бойынша сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды. Қалған қатысушыларға алғыс хат және ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.