
ДСБҰЖ - ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

ДСБҰЖ - ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
ДСБҰЖ негізгі принциптері:
- медициналық ұйым мен емдейтін дәрігерді еркін таңдау
- көрсетілетін медициналық қызметтердің ашықтығы
- бәсекеге қабілеттілік
- соңғы нәтижеге төлеу.
Госпитализациялау бюросы не үшін құрылды?
Госпитализациялау жүйесі (әрі қарай ГЖ) емделушілердің стационарларға жоспарлы госпитализациялануының жеделдігіне қол жеткізу мақсатымен құрылған және ДСБҰЖ-ның екі бастапқы принципін жүзеге асырады: дәрігерді еркін таңдау мен көрсетілетін медициналық қызметтің ашықтығы. ГЖ емхана мен стационар арасындағы дәнекер болып табылады және атқарылған жұмыс соңында стационарлар, емханалар мен емделушілер үшін айқын әрекетестік құрылымын аламыз, оны тараптардың үшеуі де бір веб-сайттан бақылап отыра алады.
Госпитализациялау бюросы деген не?
Госпитализациялау бюросы порталы – бұл жоспарлы госпитализациялауға жіберілген жағдайда клиника, емхана мен емделуші арасындағы орталықтандырылған әрекеттестікті қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының әрбір тұрғынынан қолжетімді Интернеттегі веб-сайт.
Стационарлық емді кім ала алады?
Стационарда емдеу туралы көрсеткіш болған жағдайда Сізді емдеуші дәрігер шешеді және де ол госпитализациялауға қажетті тексерістер көлемін өткізеді.
1. Өткізілген тексерістен кейін емдеуші дәрігер Госпитализациялау бюросы порталында (әрі қарай Портал) өтінім орналастырады
2. Клиниканы Сіздің қалауыңызға қарай және сәйкес бос орындардың болуын есепке ала отырып емдеуші дәрігер таңдайды.
3. Таңдалға стационарда орындар болмаған жағдайда емдеуші дәрігер Сізге ұқсас клиниканы ұсынады.
4. Клиника алдын-ала госпитализациялау күнін таңдаған соң дәрігер Сізге жолдама рәсімдеп, береді.
5. Жолдамада автоматты түрде түрлендірілген жоспарлы госпитализациялаудың коды мен алдын-ала госпитализациялау күні көрсетіледі.
6. Емделуші өміріне қауіп төнген жағдайларда клиникаға госпитализациялау шұғыл түрде жүзеге асырылады.
7. Емделуші клиникаға көрсетілген күні келуі керек.
8. Емделуші келмеген жағдайда өтінім жойылады.
Азаматтың денсаулығына ортақ жауапкершілікке негізделген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың Бірыңғай Ұлттық Жүйесінің моделін енгізу медициналық қызмет сапасын арттыруға және оның деңгейін халықаралық стандарттарға жеткізуге мүмкіндік береді.
Әрқайсысымыз өз денсаулығымызға, жақындарымыз бен туыстарымыздың денсаулығына, жанымызда жұмыс істеп немесе оқып жүргендердің денсаулықтарына мұқият әрі ұқыпты қарауымыз керек.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН – ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА!