
Суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар

2016 жылы 15.09. «Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері» КМҚК мамандарының қатысуымен, Қашыр ауданының білім беру мекемелерінің мамандарына тәжірбиелік көмек көрсету үшін, Теренкөл ауылында суицидті алын-алу бойынша семинар өткізілді.
Педагог-психологтармен кездесу барысында, жасөспірімдердің арасында суицидалды мінез-құлықтың алдын алуда бойынша жүргізілетін мектептердегі нақты міндеттер, Суицидтік мінез-құлықты тани білу, ерте алдын алу кезеңдері. Оқушылардың суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде, психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.
Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша, саласындағы кадрлардың біліктілігін жоғарлату және жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықтарын ерте тану сұрақтары көтерілді. Алдын-алу бойынша ведомствоаралық субьектілердің өзара жұмыстарының мәселесі қарастырылды, алдын-алу ұйымдастырудағы нысандарына көңіл бөлу керек: әдістер қайталанбай, бірін-бірі толықтырулары қажет.