
Суицидті алдын-алу үшін, ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар өткізілді.
2016 жылы 23.09. Май ауданының, білім беру мекемелерінің мамандарына, жасөспірімдер арасында, суицидті алдын-алу мақсатында Көктөбе ауылында өткізілген семинарға тәжірбиелік көмек көрсету үшін, «Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері» КМҚК мамандары қатысты.
Қатысушыларға Павлодар облысында, соңғы екі жылдың ішінде болған суицидтік көріністерінің статистика ұсынылды. Олар жасөспірімдердің жасын, деструктивті мінез-құлықтың себептерін талқылады, сондай-ақ суицидтің жалпы әдістері талқыланды. Статистикалық мәліметті ескере отырып, педагог-психологтарға суицидті алдын –алу жоспарларына өзгерту енгізу ұсынылды.
Мектеп психологының негізгі құжаттаманы жүргізу мәселелері, жылдық жұмыс жоспары принциптері, оның негізгі ережелері. Суицидтік тәуекелі жоғары топтағы балалармен, жұмыс жасау жоспарының мазмұнына тоқталды.
Суицидтік тәуекел топтарын қалыптастыру кезінде, әлеуметтік, отбасылық, сондай-ақ диагностикалық цикл нәтижелерінің талдауын, назарға алу қажет. Қазіргі кезенде суицидті алдын-алу дегеніміз: ерте анықтау және қиын жағдайға ұшыраған жасөспірімге, психологиялық қолдау көрсету, мұқият, нәзік сезімен, оның өміріне қатысу болып табылады.