контакт:
Приемная:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Регистратура: 60-43-92
адрес: г. Павлодар, ул. Усолка 42
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев

Суицидті алдын-алу бағдарламасы іске асыру бойынша, білім беру секторының психологтарына арналған семинар

Дата: 2016-10-03 00:14:17

2016ж. 26.09. - 2016ж. 01.10. аралығында, Петропавл қаласында, ҚР ДСжӘДМ және ҚР ІІМ, ҚР БжҒМ бірлескен бұйрығы негізінде, ШЖҚ «Психиатрия, психотерапия және наркология Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМК, БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) бірлесіп, дайындаған Қазақстан Республикасындағы кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатныда мектеп оқушылары мен колледж психологтарына арналған семинар өткізілді. Семинарға дағдарыс орталығының психологы С.А. Столяревская шебер –жаттықтырушы болып қатысты.

Жобаның шеңберінде психологтың негізгі қызметінің түсіндіру бағыттары анықталды: психикалық денсаулық мәселелері бойынша жасөспірімдердің хабардар болуын, талдау және өзін-өзі өлтіру туралы алынған ақпаратты сыни бағалау дағдылары, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндігі, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын түзетуін арттыру.

Тәуекел топтармен жұмыс жасау кезеңдері талқыланды: тәуекел топтарды анықтау әдістері, өзін-өзі өлтіруге итермелеген мәселені оңтайлы шешуге көмектесу.

Семинарда емдеу және алдын-алу жұмыстарын жүргізетін, медициналық ұйымдармен және құрлымдардың қызметі семинарға қатысушылардың қызығушылын оятты.

Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу үшін қазіргі заманғы көзқарас суицидологияның саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалану арқылы әсер ету артты, психологиялық, педагогикалық, медициналық және құқықтық іс-шаралар сипатталады.