контакт:
Приемная:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Регистратура: 60-43-92
адрес: г. Павлодар, ул. Усолка 42
Первый Президент Республики Казахстан - Назарбаев Нурсултан Абишевич
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев

Балалардың, жасөспірімдердің және олардың отбасыларының психикалық денсаулық орталығы және Дағдарыс орталығының ашылуы

Дата: 2016-10-31 01:10:17
Балалардың, жасөспірімдердің және олардың отбасыларының психикалық денсаулық орталығы және  Дағдарыс орталығының ашылуы

Қазақстан Республикасының 25-жылдық Тәуелсіздік мерекесіне орай, 2016 жылдың 28 қазанында Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауов ,әкім орынбасары М.М. Бегентаева, Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Н.К. Қасымов " Балалардың жасөспірімдердің және олардың отбасыларының психикалық денсаулық орталығы" «ПОПНД»КМҚК-ның бөлімшесін ашты.

1993 жылы Балалардың, жасөспірімдердің және олардың отбасыларының психикалық денсаулық орталығы құрылды. Осы орталықта медико –психологиялық білікті көмек алды.

Орталық бірнеше мекенжайларын өзгерті. 2016 жылдың 21 қазанынан бастап бұрынғы перзентхана ғимараты, қайта жөндеуден өткізіліп 915,3 шаршы метр, көлеміндегі ғимаратқа орталық көшірілді. Мекенжайы: Ломов көшесі №47/1.

Шамамен 10 млн. теңге психоневрологиялық патологиясы бар балаларды емдеуге және де оңалту үшін, облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. 2,3800 00 теңге жөндеуге жұмсалды, ал 7 454 000 теңге жаңа техника мен жабдықтар сатып алуға жұмсалды.

Осы орталықтың ашылуы, энурез, беттің тартылуы, сөйлеудің бұзылуы, қорқыныш, балалардың неврозы, мектепте бейімделу қиындықтары, сондай-ақ бала кезінен психоневрологиялық бұзылыстарын анықтау және уақтылы емдеуге мүмкіндігін кеңейтуге, мүмкіндік береді.

Орталықтың құрлымында: диспансер бөлімі, күндізгі стационар 50 орынға, тәуілік бойына 10 орын. Баланың біртіндеп оңалуы және әлеуметтіке бейімделуі үшін, психикалық дамуының ерекшелігіне қарай стационарлық емделуді алмастыратын емге көшіру.

Орталықта жоғары білікті дәрігерлер, психологтар, логопедтер, мол тәжірибесі бар педагогтар жұмыс істейді.

Жаңа ғимаратта тек балаларға ғана емес, отбасы мәселесі бойынша ата –аналарға кеңес беруге мүмкіндік туады.

Орталық мамандары балалар үйінің, арнайы балабақшада және мектеп-интернаттардың балалары үшін кешенді медициналық және психологиялық көмек көрсетуді жалғастырады

Балалардың, жасөспірімдердің және олардың отбасыларының психикалық денсаулық орталығымен бір ғимаратта, Павлодар облысының тұрғындарына психологиялық көмек қызметін көрсететін «Дағдарыс орталығы» қызмет істейтін болады.

«Дағдарыс орталығы» (2014 жылы наурыз айында ашылған) екі жылдың ішінде 14849 адам шағымдарымен келген. Оның ішінде 1445 кәмелетке толмағандар. Психологтарға жолуғудың негізгі себептері: отбасыдағы, жұмыстағы, мектептегі, психологиялық күйзеліс, сондай-ақ шешілмеген жеке тұлғалық мәселелері.

Дағдарыс орталығы міндеттерінің бірі - кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсету, балалар мен жасөспірімдер арасында суицидті алдын алу. Орталықтын мамандары «Шұғыл желі» бойынша көмек көрсетіп қана қоймайды, сондай-ақ психологиялық кеңес Кабинетінде жеке кеңес жүргізеді.

Павлодар облысында «Дағдарыс орталығы» құрылған күннен бастап кәмелетке толмағандар арасында суицид саны (2013 жылы- 61 жағдай болса, 2015 жылы 33 жағдай ) екі есе азайғанын көрсетеді.

Жұмыс орнын кеңейуі дағдарыс орталығының мамандарына, белсенді топтармен әдістемелерді қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ семинарлар, дөңгелек үстелдер, білім беру қызметкерлерін, поликлиника психологтарын қабылдай алады.

«Дағдарыс орталығы» туралы Павлодар облысының тұрғындарына хабар тарату. Бұқаралық ақпарат құралдарына - салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, өмір құндылықтарын бағалауға ынталандыру. Тәулік бойы сенім телефоны, психологиялық көмек кабинетінің жұмысы істейтіні жайлы ақпараттық жұмыстар жалғасатын болады.

IMG_1711

IMG_2087