
Суицидті алдын-алу бағдарламасы іске асыру бойынша, білім беру секторының психологтарына арналған семинар.
2016ж. 21.11. - 2016ж. 26.11. аралығында, Орал қаласында, ҚР ДСжӘДМ және ҚР ІІМ, ҚР БжҒМ бірлескен бұйрығы негізінде, ШЖҚ «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» РМК,.. БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) бірлесіп дайындаған, Қазақстан Республикасындағы кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатныда мектеп оқушылары мен колледж психологтарына арналған семинар өткізілді. Семинарға дағдарыс орталығының психологы С.А. Столяревская шебер –жаттықтырушы болып қатысты. Жасөспірімдердің психикалық денсаулығына қатысты мәселелермен, тікелей балалармен жұмыс жасайтын, мамандардың біліктілігін жоғарлату бағдарламаның негізгі құрамшысы болды. Дағдарыс жағдайында жүрген балалармен, жасөспірімдермен, мектеп және колледж қызметкерлері жұмыс жасаулары қажет. Тәжірбиелік сабақ барасында тәуекел топтарын анықтау әдістері көрсетілді. Суицидке әкеп соғатын мәселелерді алдын алу бойынша емдеу жұмысын жүргізетін медициналық ұйымдармен және құрлымдарымен, мектеп және колледж қызметкерлері тікелей әрекеттестікте болуы қажеттігі айтылды.