контакт: 8(71832)22638 irt_pol@mail.ru
адрес: Иртышский р-н, с. Иртышск, ул. Кожабергена Батыра, 15

2014 жыл қорытындысы бойынша Павлодар облысында Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін дамыту

Дата: 2015-03-03 04:07:16

Ел Басы өзінің жыл сайынғы жолдауында азаматтардың денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше назар аударады, оларды мемлекеттік  басымдылық дәрежесіне жатқызады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ету, медициналық көмектің сапасын арттыру, көрсетілген медициналық қызметтің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету бүгінгі күні денсаулық сақтау жүйесінің негізгі тапсырмалары болып саналады.

Денсаулық сақтауды жаңарту және қойылған тапсырмаларды жүзеге асырудың бірегей механизмі болып 2010 жылдан бастап енгізілген денсаулық сақтаудың  бірыңғай ұлттық жүйесі (ДСБҰЖ) табылады.

Денсаулық сақтау  бірыңғай ұлттық жүйесінің негізгі принциптері болып саналатындар: емделушімен медициналық ұйым және дәрігерді еркін таңдауды қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестік ортаны қалыптастыру, көрсетілген медициналық көмектің сапасын есепке алумен соңғы нәтиже бойынша төлем.  

ДСБҰЖ енгізумен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) көрсету үшін тең жағдайды қамтамасыз етумен бәсекелестік орта құрылған. Облыста бүгін 29 өнім жеткізуші стационарлық және стационар орнын алмастырушы көмек емдік ұйымдарының 32,2% жеке сектор өкілдері құрайды.

Бүгінгі күні жеке сектор өнім жеткізушілерінің қатысуы арқасында,   тұрғындардың бағдарламалық гемодиализге қажеттілігі 100% жабылған                     (2010 жылы – 50%) және  көрсетілген бағдарламалық гемодиализ сеанстарының саны халықаралық стандартқа жеткен. 

          Еліміздің барлық аумақтарында жоспарлы емдеуге жатқызу үдерісінің айқындығы және медициналық ұйымды емделушімен еркін таңдау принципін жүзеге асыру мақсатында емдеуге жатқызу Бюро порталы арқылы емдеуге жатқызу жүйесі енгізілген. 

        Емдеуге жатқызу Бюросы: стационарға науқастарды жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру;мониторинг және үдерістің айқындығын қамтамасыз ету; Республика аумағында науқастарды жоспарлы емдеуге жатқызуға қатысушылар арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз етуді іске асырады. Білікті, мамандандырылған және медициналық-әлеуметтік стационарлық көмек алуға жоспарлы тәртіпте науқастарды емдеуге жатқызуды ұйымдастыру талаптары бірыңғай және еліміздің әр аймағында медициналық ұйымды еркін таңдауды қамтамасыз ету бойынша емделушінің құқығын қорғауға бағытталған.  

        2014 жылғы 12 айда өзінің стационарды еркін таңдау құқығын 36002адам қолданған, бұл ретте 31,3%оның (11268 адам) ауылдық тұрғындар құраған, бұл2010 жылмен салыстыру бойынша  1,1 есеге артық.  

         Емханаға азаматтарды бекіту тұрақты мекенжайы немесе уақытша тұру, жұмыс немесе оқу орны бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйым, дәрігерді еркін таңдау құқығын есепке алумен іске асырылады.  Адам тек қана бір ұйымға бекітіледі.  

Стационарлық көмекке қол жетімділікті арттыруға ТМККК шеңберінде үйдегі стационар, күндізгі стационар түрінде, стационар орнын алмастырушы технологияларды (СОАТ) белсенді дамыту есебінен қол жеткізіледі.

Облыста ДСБҰЖ жүйесінде 2014 жылғы 31 желтоқсанда  күндізгі стационардың 1316 төсек орны жұмыс істеген, оның ішінде 599 төсек орын тәулік бойы стационарларда және 717 төсек орын амбулаториялық-емханалық ұйымдарда  (АЕҰ) (2013жылы - 1113, оның ішінде 462 төсек орын тәулік бойы стационарларда және 651 төсек орын АЕҰ). 2014 жылы  29965науқас емделіп шықты.

ДСБҰЖ бойынша жұмыс істейтін жеке медициналық ұйымдарда  46 төсек орын күндізгі стационары жұмыс істеді, оның ішінде ауруханада 32 және 14 төсек орын амбулаториялық-емханалық ұйымдарда.

Облыстың медициналық ұйымдарында ДСБҰЖ енгізумен заманға сай жоғары медициналық технологияларға қол жеткізу қамтамасыз етілген.  Жоғары мамандандырылған медициналық көмек аймақта 2010 жылдан бастап көрсетілуде.  2010 жылы ЖЖМК тек 2 медициналық ұйым көрсеткен,   2014 жылы – профильдер бойынша 9 медициналық ұйым: жалпы хирургия, кардиохирургия, қан тамырлары хирургиясы, нейрохирургия, онкология, травматология және ортопедия, гинекология, урология.

          2014 жылы жоғары технологияларды қолданумен 1990 науқас емделіп шыққан.

          Облыста оңалту және қалпына келтіру еміне 169 төсек орын бар, онда жылына шамамен 4000 науқас сауыққан.

         Облыста аппаратура және медициналық техникамен жарақтандыру, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға зор назар аударылады.Яғни 2010 жылдан бастап облыстың емдік-профилактикалық ұйымдарында заманға сай жоғары технологиялық медициналық жабдықтар сатып алынған.  

        Тұрғындарға сапалы медициналық көмек ұсыну мақсатында 2014 жылы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша шаралар жалғасын тапты: жақын және шалғай шет ел клиникаларында, республикалық базаларда  дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлерді оқыту.

          «2011-2015 жылдарға Саламатты Қазақстан»Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде медициналық қызметке қол жетімділікті қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралардың ойдағыдай жүзеге асырылуын нық атауға болады.   

 «Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау және әлеуметтік даму

министрлігінің медициналық қызметке

ақы төлеу комитетінің Павлодар

 облысы бойынша департаменті» РММ

  басшысы

Д.М. Қазанғапов