контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15

Қант диабеті

Дата: 2015-11-12 04:09:27
Қант диабеті

Қазақстанда Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2014 жылы қант диабетімен аурушаңдылық 100 000 адамға шаққанда  164,4-ті құрады. 

          Қант диабеті – ұйқы безінің инсулинді жеткілікті мөлшерде бөлмеуінен немесе бөлінген инсулинді ағзаның тиімді пайдалана алмауынан дамитын созылмалы ауру. Инсулин — қан құрамындағы қанттың деңгейін реттейтін гормон. Бақыланбайтын қант диабетінің нәтижесі гипергликемия немесе қан құрамындағы қанттың деңгейінің артуы, ол ағзаға, әсіресе жүйке мен қан тамырдың зақымдалуына әкеп соғады.

·         Қант диабеті жүрек ауруы мен инсульттің даму қаупін арттырады. Халықаралық зерттеу мәліметтеріне сәйкес диабетпен ауыратын адамдардың  50%-ы жүрек-қантамыр ауруынан (әсіресе жүрек ауруы мен инсульттен) қаза табады.

·         Қанның жүруінің төмендеуі мен аяқ невропатиясы (нервілердің зақымдалуы) аяқта жараның, инфекцияланудың пайда болу мүмкіндігін арттырып, соңында аяқты отауға әкеп соғады.

·         Соқырлықтың маңызды себептерінің бірі болып табылатын диабеттік ретинопатия торқабықтың ұсақ қан тамырларының зақымдануының ұзақ уақытқа созылуының нәтижесінде дамиды.Қант диабетіне соқырлыққа шалдығу оқиғасының1%-ы тиесілі.

·         Қант диабеті ауруы бүйрек жеткіліксіздігінің басты себептерінің қатарына кіреді.

·         Қант диабетімен ауыратын адамдар арасында өлім-жітім қаупі диабетпен ауырмайтын сол жастағы адамдар арасындағы өлім-жітім қаупінен кемінде 2 есе артық.

         Ерте диагностикалауды қанды біршама арзан тестілеудің көмегімен іске асыруға болады.

       

 

 Диабетті емдеу қандағы глюкозаның мөлшерінің және қан тамырларын зақымдайтын басқа танымал қауіп-қатер факторларының деңгейін төмендетуден тұрады. Аурудың асқынуын болдырмау үшін темекіні шегуді тоқтату керек.

         Шығыстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін және дамушы елдерде іске асырылған шараларға келесілер кіреді:

·         қан құрамында глюкоза мөлшерінің бірқалыпты болуын бақылау. Қант диабетінің 1-типімен ауыратын адамдарға инсулин қажет; қант диабетінің 2-типімен ауыратын адамдарды пероралды дәрі-дәрмекпен емдеу қажет, бірақ оларға да инсулин қажет болуы мүмкін;

·         қан қысымын бақылау;

·         аяққа күтім жасау.

         Шығыстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін басқа шараларға:

·         ретинопатияға(соқырлық тудыратын)скрининг өткізу;

·         қан құрамындағы липидтердің құрамын (холестерин деңгейін реттеу үшін) бақылау;

·         қант диабеті ауруына байланысты бүйрек ауруының алғашқы белгілерін анықтау мақсатында скрининг жүргізу.

          Осы шараларға қосымша дұрыс емдәмді сақтау, үнемі жаттығулар жасау, қалыпты дене салмағын ұстау және темекіні шекпеу қажет.

         Салауатты өмір салтын ұстану бойынша қарапайым шаралар диабеттің 2-типінің алдын алу немесе дамуын баяулатуда тиімді. Диабеттің 2-типінің және оның асқынуының алдын алуға ықпал ету үшін келесі шаралар қажет:

·         қалыпты дене салмағына жету және оны бірқалыпты ұстау;

·         белсенді болу — кемінде 30 минут үнемі бірқалыпты қарқындылықта белсенділікті сақтау; салмақты бақылау үшін қосымша белсенділік қажет;

·         күніне 3-5 рет жемістер мен көкөністерді тұтына отырып, дұрыс тамақтануды ұстану және қант пен майларды тұтынуды азайту;

·         темекіні тұтынбау — темекі шегу жүрек-қантамыр ауруының даму қаупін арттырады.