контакт: 8(71832)21531 irt_pol@mail.ru
адрес: Ертіс ауданы, Қожаберген батыр көшесі,15

Вирустық гепатитті алдына алу шаралары

Дата: 2016-07-20 03:45:35
Гепатит – бауырдың қабынбалы ауруы. Гепатитті тудыратын вирустың A, B, C, D және E деп аталатын бес түрі бар. Осы бес түрі аурудың, соның ішінде індетті таралуының әлеуеттік қаупі және өлім-жітім ауыртпашылығымен байланысты үлкен мәселе туғызуда. Әлемде балаларды иммундау арқылы В вирустық гепатитінің алдын алуда жетістікке қол жеткізілуде. Оған қарамастан, В гепатитіне қарсы вакцинациямен қамту 2010 жылы иммундаумен 90% қамтуды қарастырған Ғаламдық көріну және 2006-2015 жылдарға арналған иммундау стратегиясында белгіленген көрсеткішке қол жеткізілген жоқ және дифтерия (күл), сіреспе және көкжөтелге қарсы вакцинациямен қамтудың ғаламдық деңгейінен артта қалуда.
А гепатиті - вирустық жұқпалы ауру Адамға негізінен ластанған тағам мен су арқылы ауырған адамммен қарым- қатынаста болу арқылы жұғады. Сонымен қатар ортақ ыдыс пен әжетханамен пайдаланғанда да жұғуы мүмкін.Вирус адамның қолында бөлме температурасында бірнеше сағат, тағамда одан да көп уақыт сақталады. Сонымен қатар жеміс- жидектерде арқылы берілуі мүмкін. Тағамдарды қайнату арқылы вирусты толық жоюға болады, алайда, даярланып болған тағамда вируспен ластануы мүмкін. Вирус жеке бас тазалығын сақтамайтын адамдар арасында, санитарлық жағдайы нашар, ортада, көп шоғырланған ортада жақсы сақталады. Аурудың жасырын кезеңі (залалдағаннан бастап, гепатитің бірінші белгілері байқалғанға дейін) 7 күннен бастап 50 күнге дейін созылады. Аурудан толық емделіп жазылғаннан кейін гепатит А-ға өмірлік иммунитет пайда болады. Алдын алу шаралары: - Тамақ даярлағанда гигиеналық шараларды, технологиялық ережелерді қатаң сақтау; - Қайнатылмаған су, мұзбен сусындар пайдаланбау; - Жеміс- жидектерді жуып, толық тазалап пайдалану; - Ауырған адамдармен қарым-қатынаста болмауға тырысу; - Тиым салынған орындарда суға түспеу. Сонымен қатар, осы ауруға қарсы егу алдын алудың ең тиімді жолы, егу 2 жастан асқан балаларға жүргізіледі. В гепатиті В гепатиті немесе қан арқылы берілетін гепатит өте қауіпті ауру, бауырды қатты залалдауымен сиппатталады. В гепатиті қан, жыныстық қатынас арқылы және ауру анадан іштегі балаға жұғады. Әдеттегі жағдайда В гепатиті Боткин ауруы сияқты дене қызуының көтерілуінен, әлсіздіктен, буындардың ауруынан, жүректің айнуы және құсудан басталады. Мынадай белгілердің болуы мүмкін: зәр түсінің қоңыраулануы және үлкен дәреттің ағаруы. Денеге бөртпе шығуы мүмкін, бауыр мен көкбауыр ұлғаяды. Емдеу кезінде иммундық препараттар,гормондар, гепатопротекторлар(бауырды қорғайтын дәрі дәрмектер), антибиотиктер қолданылады. В гепатитінің алдын алу үшін нәрестелерге бірге толғанша вакцинация жасату керек. Иммунизация – ең тиімді профилактикалық әдіс. 1982 жылы билогиялық препараттар қатарына ВГВ-ге қарсы коммерциялық вакцинаның пайда болуы бұл инфекциямен тиімді күресудің мүмкіншілігін туғызады. Қазақстан Республикасында ВГВ-ға қарсы вакцина салу ұлттық егудің календарлық жоспарлану 1992 жылы енгізілді. ВГВ-ға қарсы вакциянация салынады: 1. жаңа туған нәрестелерге; 2. қанмен жұмыс істейтін медициналық жұмыскерлерге; 3. қан реципиенттерге (гемодиализ, гематология, бүйрек ауыстыру орталығында); 4. медициналық жоғарғы орталықтарында, студенттерге. В вирустық гепатитті алдын алу үшін біреудің тіс щеткасын, косметикалық құралдарын, ұстарасын пайдаланбаңыздар! Және кездейсоқ жыныстық қатынасында мүшеқапты пайдалануды ұмытпаңыздар! Аяулы ханымдар, жүктілікті жоспарлаудың алдында, өз денсаулығыңызды тексеріп, сауығыңыз! Қымбатты жасөспірімдер, татуировкаларды, сырға және т.б. жасатқыңыз келсе, онда репутациясы мінсіз косметикалық салондарына барыңыз. Құрметті халайық, спирт, вирустарды жойып, өлтірмейді, сондықтан да тұрмыстық құралдарды, медициналық құрал-сайманды мұнымен сүртпеңіз. В вирустық гепатитті алдын алудың ең сенімді кепілі- вакцинация!!! С гепатиті Вирустық гепатиттің ең ауыр түрі С гепатиті немесе қан құйылғаннан болған гепатит. Бұл гепатит қан арқылы, қан құю кезінде немесе зарарсызданбаған шприцтерден жұғатындықтан осылай аталды. Қазіргі уақытта бүкіл донорлық қан С гепатитінің вирусына тексеріледі. Жыныс жолы арқылы және ауру анадан іштегі балаға С гепатиті вирусының берілуі өте сирек. С гепатитімен ауыратын адамдардың шамамен 70-80% аурудың созылмалы түрі дамиды. Оның ең үлкен қауіпі цирроздың пайда болуында және қатерлі ісікке әкеліп соқтыру мүмкіндігінде. Бұл аурудың қауіптілігі, қазіргі кезде сау адамды С гепатитін жұқтырудан қорғай алатын нәтижелі вакцинаның жоқтығында. D гепатиті D гепатиті немесе дельта-гепатит, вирустық гепатиттердің басқа түрлерінен айырмашылығы вирустың адам ағзасында жеке өніп өсе алмайтындығы. Ол үшін «көмекші вирус» В гепатитінің вирус керек. Сондықтан дельта гепатит дербес ауру деп есептелмейді. Ол В гепатитінің барысын асқындыратын серіктес ауру. Бұл екі вирус ауру адамның ағзасында қатар өмір сүрсе, аурудың ауру түрі пайда болады, оны дәрігерлер супер жұқпа деп атайды. Бұл аурудың барысы В гепатитінің барысына ұқсайды, бірақ аурудың асқынуы жиі кездеседі және аса ауыр болады. Е гепатиті Ол өзінің белгілерімен А гепатитіне ұқсайды. Бірақ, вирустық гепатиттердің басқа түрлерінен айырмашылығы Е гепатитінің ауру түрінде, бауырмен қоса бүйрек те зақымданады. Е гепатиті А гепатиті сияқты, нәжіс ауыз жолы арқылы жұғады, ауа райы ыстық және салқын сумен нашар қамтамасыз етілген елдерде таралған, және бұл аурудан сауығу жөніндегі болжам бойынша көбінесе сәтті аяқталады. Е гепатитін жұқтыру, аурулардың жалғыз ғана тобына босанар алдындағы әйелдер үшін өте қауіпті. Бұл аурумен ауырған әйелдердің өлім жетімі 9-40 % - ға дейін болады, ал ішіндегі баласы өлі туады. Негізгі симптомдары Алғашында 4-10 күн бойы дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы , іші өтіп, жүрегі айныйды, бұлшық еттері ауырады. Екінші стадияда бауыр зақымдалады, кіші дәрет қараяды, екі үш күннен кейін тері көздің склерасы сарғаяып, үлкен дәрет ағарады. Осы уақытта жүректің айнуы басылып, дене қызуы төмендейді.. Денесі қышып, іш ауруы білінеді Е вирустық гепатитті алдын алу Орта Азия мен Қазақстанда Е вирустық гепатитті алдын алу үшін, тек қайнаған суды ішу қажет. Өйткені ыстық судағы Е вирустық гепатитінің жұқпалары өліп, жойылады. Эпидемия немесе Е вирустық гепатиті тіркелген жерінен аулақ жүргеніңіз жөн. Егер симптомдар байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет. Ауруханаға жатудан бас тартпаңыз. Е вирустық гепатитінің жұқпалары үшін Оңтүстік-шығыс Азия (Үндістан, Бирма, Қытай), Африка, Орталық Америка ең қолайлы мекен. Материал взят с сайта Комитета по защите прав потребителей Республики Казахстан Источник: http://mangystau.kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/san_prosveshenie/?cid=0&rid=1770