контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.

«Денсаулық фестивалі – 2012» акциясын өткізу туралы ақпарат.

Дата: 2012-09-10 10:47:45
«Денсаулық фестивалі – 2012» акциясын өткізу туралы ақпарат.

44.  Ақпарат

«Денсаулық фестивалі – 2012» акциясын өткізу туралы


2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» ҚР денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен, Қашыр ауданында «Денсаулық фестивалі – 2012» акциясышеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді:
05.09.12 ж. мектептерде психологтермен денсаулық сабағы өтті, тақырыбы«саламатты өмір салты еліне саяхат» 4-6 сынып оқушылары үшін. Сабақ ойын түрінде болды, денсаулық еледері бойынша саяхаттап, біз тоқтаған қалаларда біздің денсаулығымыз тәуелді болды (жеке гигиена, тиімді тамақтану, спорт мағынасы, жымию). Осы сабақтың мақсаты саламатты өмір салты туралы ұғым беру, өз өзіне  және өзінің денсаулығына жаңа қатынас пайда болғандай. Өсіп келе жатқан ұрпаққа дұрыс таңдау жасауға және үлкендер өміріне дені сау, жарқын, игілікті адам, өз күштеріне сенімді және әртүрлі мәселелерді шеше алатын қабілетімен кіргендей көмектесу.
осы саяхат оындармен, сайыстармен, жұмбақтармен алып жүрді. Сондай ақ, осы іс-шара адамды мынадай мінездерге тәрбиелейді, жақсылыққа, ол өз денсаулығын және қоршаған ортаның денсаулығын сақтау үшін басты компонент болып табылады. 
08.09.12 ж. Тереңкөл ауылында набережныйда «Денсаулық фестивалі – 2012» акция шеңберінде «Мен, сен, ол – Біз сау елміз» атты ұранмен халық үшін сауықтыру бағдарламасы өтті, бағдарламаға Тереңкөл ауылының барлық мекемелері қатысты.
Осы ісшара өз денсаулығымызға қандай жауапкершілікпен қарау керек екендігіне түсінік береді, сондай-ақ, саламатты өмір салты сұрақтары бойынша халықтың ақпараттылығын арттырады, өзін әртүрлі спорт түрлерінде көрсетуге мүмкіндік береді,  әрбір тұрғын белсенді және спортты өмір сүргендей, қазақстандықтар арасында саламатты өмір салты мәдениетін арттырады.

Фестивалдің мазмұны:
1.   «Денсаулық фестивалі – 2012» салтанатты ашылуы. Жергілікті өкімет орындарының өкілдері және құрметті қонақтардың сөз сөйлеуі.  (Аудан әкімі, спорт ардагерлері).
2.   ЖҮОМ тәрбиеленушілер қатысуымен музыкалық орындау.  

3.    Көпшілік жүгіру
4.    Ұлттық ойындар бойынша жарыс (қазақша күрес).
5.    Кіші-футбол, волейбол.
6.    Саламатты өмір салтының әртүрлі аспектері бойынша медициналық консультация ұйымдастыру үшін «Денсаулық қалашығын» рәсімдеу:дене шынықтыру және спорт, тиімді тамақтану, күйзелісті көтеру, далада және тұрмыста қауіпсіз жүру, зиянды әдеттерден бас тарту.  Қашыр орталық ауруханасында «Денсаулық жолы» атауымен стенд рәсімделген, онда әртүрлі ауруларды алдын алу туралы айтылған. Халықпен кеңесу үшін үстел рәсімделген, сондай-ақ, бүктеме, кітапша және плакаттар түрінде ақпараттық – білімдік материалдар таратылды.  

Денсаулық және саламатты өмір салты фестиваліне қатысушылармен белсенді сөйлесуді жүргізгендер: педиатр дәрігері, терапевт дәрігері, стоматолог, невропатолог, психолог. Мамандар қойылған сұрақтарға барлығына жеткілікті жауап берді

Өз АҚ білуге қалаушыларға терапевт дәрігері осы ісшарада осы қызметті көрсетті.

«Тістерін қалай дұрыс тазалау керек» балалар мен жасөспірімдер арасында стоматологпен профелактикалық жұмыс өткізілді

Балалардың денсаулығын сақтау және күшейту туралы педиатр дәрігері жас аналармен әңгіме жүргізді.

Ардагерлермен сауықтыру гимнастикасы және денсаулығын сақтау және күшейту туралы әңгіме өткізілді.

Ісшараның аяғында барлық қатысушылар үшін әртүрлі ауруларды алдын алу үшін кітапша, бүктеме түрінде ақпараттық-білімдік материал таратылды.