контакт: 8(71833)22891 darina.toyendykova@bk.ru
адрес: Тереңкөл а, Тәуелсіздік 88.

Аккредитация

Дата: 2013-08-19 12:59:48

2013 жылы ҚР ДСМ МФҚБК Жол картасына сәйкес амбулаторлы-емханалық көмекті көрсететін облыстық медициналық ұйымдарында аккредитциялау өткізіледі.

            «Качир ОАА» КМҚК әкімшілігімен ОАА, ДА, МП қызметкерлерімен 2013 жылғы аккредитациялау жайлы медициналық кеңес және өндірістік жиналыс өткізілген болатын. Кестеге сәйкес жоспар бойынша «Качир орталық аудандық аурухана» КМҚК да  аккредитациялаудан өтуіне де жатқызылады.

            Астана қаласында аккредитациялау орталығында орталық аудандық аурухананың маманы берілген процедураны өткізу бойынша ұйымды сол процедураға дайындығы және аккредитациялау мәселелері бойынша оқудан өткен болатын. Ұйым ішіндегі қажетті құжаттарды өңдеу және оларды медициналық қызметкерлерімен таныстыру бойынша жауапты тұлғалар тағайындалған болатын. Құрылымдық бөлімшелер бойынша халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес медициналық қызметкерлерінің жұмыстарында қолдануға жататын стандартты операциялық процедураларын енгізу және қарастыру жүргізіледі. Бөлімшелер бойынша 2012 жылғы қазан айының 02-і № 676 бұйрығына сәйкес жаңартылған  стандартты операциялық процедураларымен таныстыру өткізілген. Орталық аудандық аурухана бойынша өзіндік бақылау процедурасын өткізу жаспарлануда.