Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Санитарлық-ағарту жұмысы
2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» ҚР денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен, Қашыр ауданында әйелдер денсаулығы апталығының шеңберінде 2013 жылғы 01 тамыздан 2013 жылғы 08 тамыз аралығында келесі шаралар өтті:
Құрастырылды және шақыру қағаздары таратылды, сондай-ақ, халық үшін «Заря» және «Тереңкөл тынысы» жергілікті газеттерге хабарландыру берілді.
Ақпараттық стендтер рәсімделді және ақпараттық-білімдік материалдар таратылды.
Консультативті - диагностикалық қабылдаулар өтті: лор, окулист, стоматолог дерматолог, онколог психиатр- нарколог.
Федоровка а., Октябрьское а., Береговое а., ауылдық ДАмбулаторияларда әйелдер денсаулығы апталығына арналған МСАК мамандарымен дәріс, әңгіме өтті.
Отбасылық жұптармен отбасын жоспарлау бойынша денсаулық мектебінде оқу өтті, тақырыбы: «Болашақ жүктілікті жоспарлау кезінде зиянды әдеттер».
Қашыр кәсіптік лицейде оқушылармен лекция оқылды, тақырыбы: «Қазіргі өмірдегі контрацепция».
45 және жоғары жастағы әйелдермен лекция өтті, тақырыбы: «Климакстериялық синдром және оның асқынуы. Шешім тәсілдері»
Қашыр №2 ОНМ АПВ қарсы вакцинация қажеттілігі туралы 11-12 жастағы қыздардың аналарымен әңгімелесу болды.
30-45 жастағы әйелдермен дәріс өтті, тақырыбы: «Бедеулік – жаза емес». Көмекші репродуктивті әдістер және бедеулікті жеңу технологиялары».
Жүктілермен сайыс өтті «Ең сүйкімді және әдемі болашақ ана»
Егде жас тұлғалар арасында 60 жастағы әйелдермен «Ең белсенді көп жасаған кісі» сайысы өтті.
Трофимовка ауылында 18-30 жастағы әйелдермендөңгелек үстел өтті, тақырыбы: «Ғажап күтуде».
Байқоныс ауылында 18-30 жастағы әйелдермен «Жас ханым» атты тақырыбымен сабақ өтті.
Песчаное ауылында «Жатыр мойыншығының обырын жеңеміз» тақырыбына денсаулық бұрышы жасалған.
Ауылдық ДА Песчаное а.,Береговое а.,.Жанабет а., Октябрьское а., Федоровка а., Калиновка а., Львовка а., Ивановка ауылдарында жылжымалы медициналық пунк жұмыс істеді, онда әйелдер денсаулығы апталығына арналған жұмыс жүргізілді.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя