Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Дата: 2016-09-03 16:59:52
2016 жылғы қыркүйек айының 02-де ауылдық дәрігерлік амбулаторияларының қызметкерлері мен аудандық аурухана қызметкерлерінің қатысуымен зиянкестік актілерінің қаупі төнген жағдайда жасалынатын іс-әрекеттері туралы талқылау бойыншамедициналық кеңес өткен болатын. Телефон арқылы зиянкестік актінің қаупі төнген жағдайы туралы ақпарат түскен кезде іс-әрекеттер тиянақты айтылған (телефонмен сөйлесу кезінде қандай ақпаратты алу керек екен- акцент, сөйлеу дауысы, естілетін шуылдар т.б., сонымен қатар телефон соғатын адамға қойылатын сұрақтар). Сонымен қатар құқық қорғау органдарына телефон соққан адам туралы жазбаша ақпаратты беру туралы айтылған. Жұмыс істейтін персоналдың жарылатын затқа ұқсайтын затты көрген кезінде іс-әрекеттің қандай болатыны жайлы айтылған. Дәрігерлік амбулаторияларының аға дәрігерлеріне жадынамалар берілген болатын.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя