контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ҚР Президентінің жолдауы

Дата: 2015-11-30 10:46:04
ҚР Президентінің жолдауы

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстан жаңа ғаламдық дағдарысты елдегі тұрғындардың бірлігі мен қайраты арқасында жеңе алады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын жолдай отырып, осындай оймен бөлісті.

Біз, ШЖҚ "Екібастұз қаласының №3 емханасы" КМК ұжымы және барлық қазақстан халқы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын ерекше құлшыныспен қабылдадық.

Өз Жолдауында Елбасы денсаулық сақтау жүйесіндегі басымдықтарды шешуге бағытталған міндеттерді дер кезінде қойды. Бұл- медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізу, медициналық мекемелердегі материалдық-техникалық базалар мен құрал-жабдықтарды жетілдіру, медициналық білім беруді түбегейлі жақсарту.

Қазіргі таңда Қазақстанның жеткен жетістіктеріне әрқайсымыз мақтанамыз. Бірақ, қазір біздің алдымызда біздің мемлекетіміздің инфрақұрылымын ары қарай дамуын анықтайтын жаңа міндеттер, кәсіпкерлік, әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау  салаларын жан-жақты қолдауға қатысты агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа даму Бағдарламасын қабылдау мәселесі тұр.