контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

Жалпы тәжірибе дәрігерлері (отбасылық дәрігерлер).

Дата: 2015-03-17 07:04:05
Жалпы тәжірибе дәрігерлері  (отбасылық дәрігерлер).

 

            Емханаларда жалпы тәжірибе дәрігерінің (отбасылық) дәрігерінің лауазымын енгізу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы тәжірибе дәрiгерi/отбасылық дәрiгер - бұл жасына, жынысына немесе ауру сипатына қарамастан, жеке адамға, отбасыларына және адамдардың бүкiл контингентiне алғашқы және үздiксiз медициналық көмек көрсетуге тиiсті рұқсаты бар, дипломды медицина қызметкерi. Бұл отбасы мүшелерін бір дәрігермен қаралуды жүзеге асыруға, емдеудегі бірізділікті және алдын алу іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 05 қаңтардағы «Амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» №7 бұйрығына сәйкес "Медициналық пунктен фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның (отбасы денсаулығы орталығының) орта медицина қызметкерінің (мейіргердің, фельдшердің) функционалдық міндеттері» №1 қосымшасына мыналар енеді: 1) өз құзыретінің шегінде науқастарды амбулаториялық картаға жаза отырып, өз бетінше қабылдауды және тексеріп-қарауды;          2) үйден келіп түскен шақыртуларға, оның ішінде МСАК ұйымының жұмыс істеген уақытында жедел медициналық жәрдем стансасынан берілген кезек күттірмейтін жәрдем шақыртуларына қызмет көрсетуді; 3) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар және басқа кезек күттірмейтін жағдайларда дәрігерге дейінгі және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді; 4) өз құзыреті шегінде аурудың созылмалы нысандары бар науқастарды динамикалық бақылауға қатысуды; 5) науқастарды, оның ішінде диспансерлік науқастарды жалпы тәжірибе дәрігерінің/ учаскелік дәрігердің консультациясына жіберуді; 6) аурудың созылмалы нысандары бар науқастарды үйдегі белсенді потранаждын;           7) пациенттерді стационардан шыққан кейінгі белсенді патронажын; 8) жаңа туған нәрестелерді және 1 жасқа дейінгі дені сау балаларды үйдегі патронажын; 9) босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі потранажды; 10) әлеуметтік-психологиялық консультация жүргізуді.

         Балаға медициналық көмек көрсетуде туындаған мәселелер бойынша Сіз балалар консультациясының меңгерушісіне жүгіне аласыз.