Наурыз мейрамы!!!
Дата: 2015-03-27 10:58:35
20 наурызда ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-да Наурыз мейрамы өткізілді. Наурыз мейрамы барлық ұжыммен бірлесіп, би билеп, қызықты өтті. Сонымен қатар, бөлімшелер арасында ең үздік нөмірге, дастарқанға және қазақтың әдеп-ғұрыптарымен рәсімделуіне конкурс ұйымдастырылды. Конкурс қорытындылары бойынша 1,2,3 орындар анықталды. 1 орынды балалар консультациясы бөлімшесі, 2 орынды әйелдерге кеңес беру бөлімшесі мен шаруашылық бөлімшесі, 3 орынды алдын алу, жалпы тәжірибе дәрігерлері бөлімшелері және зертхана бөлімшесі иеленді. Барлық бөлімшелерге ақшалай сыйлықтар берілді.