контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

Әлеуметтік қызметкерлер күні

Дата: 2016-10-28 09:16:11
Әлеуметтік қызметкерлер күні IMG_5145IMG_5140

Әлеуметтік қызметкерлер күні Қазақстанда Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» № 164 Жарлығы негізінде аталып өтіледі. Қазанның соңғы жексенбісінде «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлер күні» мерекеленеді.

Әлеуметтік қызметкерлер күні – бұл адамдардың мәселелерін өздеріне бірінші қабылдайтын және осы мәселелерді өз мүмкіндігіне қарай шешуге көмектесетін жандардың мерекесі. Бұл адамдар аз қамтамасыз етілген азаматтардың, зейнеткерлер мен мүгедектердің мәселелеріне немқұрайлы қарамайтын жандар.

2016 жылғы 28 қазанда әкімшілік, кәсіподақ комитеті және емхананың қызметкерлері өздерінің құрметті әлеуметтік қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Әлеуметтік қызметкерлер күнімен құттықтады.