контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

2016 жылғы 10 қарашадан бастап 10 желтоқсан аралығында АИТВ инфекциясының/ЖИТС-тың алдын алу бойынша айлық басталды.

Дата: 2016-11-10 09:51:11
2016 жылғы 10 қарашадан бастап 10 желтоқсан аралығында                        АИТВ инфекциясының/ЖИТС-тың алдын алу бойынша айлық басталды. 15_257 Осы айлықтың мақсаты: республика халқының, оның ішінде жастарды АИТВ инфекциясының пайда болуы мен алдын алу, дер кезінде ауруды анықтау мен медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы, өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілік, жауапты мінез-құлықты қалыптастыру туралы ақпараттылық деңгейін арттыру. Адамдағы иммунтапшылығы вирусы (АИТВ) жаһандық қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі мәселесі болып қалады: бүгінгі таңға дейін АИТВ вирусынан 34 миллионадам қайтыс болған. Ал, әлем бойынша 2014 жылы АИТВ-мен байланысты 1,2 миллион адамда өлім-жітім салдары болды. АИТВ науқас адамдардың ағзасындағы қан, ана сүті, шәует және қынаптық шығындылар секілді түрлі сұйықтықтар арқылы жұғады. Адамдар әдеттегі сүйісу, құшақтасу және қол алысу немесе жеке құралдарды бірге қолдану және азық-түлік тағамдарын тұтыну мен су ішу секілді байланыстар кезінде жұқпайды. Адамдардағы АИТВ-ны жұқтыру қаупін арттыратын мінез-құлық пен жағдай түрлері:
  • қорғаныссыз анустық және қынаптық секс;
  • жыныстық жолмен берілетін мерез, ұшық, хламидиоз, соз ауруы және бактериялық вагиноз;
  • инъекциялық есірткіні тұтыну кезінде залалды инені, шприцтерді және басқа инъекциялық құралдар мен есірткі ерітінділерін бірлесіп қолдану;
  • қауіпті инъекция, қан құю, медициналық шаралар, оның ішінде кесіп алған жерді залалсыздандырмау немесе ине салу;
  • ине салғанда, оның ішінде медициналық қызметкерлері арасында ине салған кезде кездейсоқ жарақат алу.
АИТВ жұқтыру қаупін қауіп-қатер факторлардың әсерін шектеу арқылы төмендетуге болады. АИТВ-ның алдын алудың тәсілдері:
  1. Ер және әйел адамдарға арналған мүшеқапты қолдану;

2. АИТВ мен ЖЖЖИ-ға қатысты тестілеу мен консультация беру үшін қолдану;

3. Ерікті медициналық ер адамдардың циркумцизиясы;

4. Аурудың алдын алу үшін антиретровирустық терапиясын (АРТ) қолдану;

5. Инъекциялық есірткілерді тұтынушылар үшін зиянды төмендету;

  1. Анадан балаға АИТВ инфекциясының берілуін жою.