контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

16 қараша - Дүниежүзілік диабетпен күресу күні !

Дата: 2016-11-17 08:59:50
16 қараша -  Дүниежүзілік диабетпен күресу күні ! SAM_6258SAM_3600SAM_6201SAM_6263
  • 16 қарашада емделушілер мен бекітілген тұрғындар үшін «Ашық есік күні» өткізілді. Қамтылғаны – 52 адам.
  • 2016 жылғы 16 қарашада эндокринолог дәрігері Г.С. Смағұлова емделушілер үшін «Қант диабетінің асқынулары» тақырыбында семинар өткізді, қамтылғаны 27 адам.
  • 15 қарашада «Диабет мектебінде» эндокринолог дәрігері Г.С. Смағұлова «Дүниежүзілік диабетпен күресу күні» тақырыбына сабақ өткізді, онда қатысушыларға Дүниежүзілік диабетпен күресу күнінің эмблемасы берілді, «Өзіңді қант диабетінен сақта», «Диабет кезіндегі дұрыс тамақтану», «Егде жастағы тұлғалардың арасында дене шынықтыру белсенділігін арттыру», «Диабетті басқару» тақырыптарда үнпарақтар мен кітапшалар таратылды. Қамтылғаны – 21 адам.
  • Емделушілер көп келетін орындардағы ақпараттық стендтерде қант диабетінің алдын алу және семіздіктің алдын алу бойынша көрнекілік ақпараттар орналастырылды (кітапшалар, үнпарақтар, плакаттар). Ақпараттық-білімдік материалдары таратылды (кітапшалар, үнпарақтар) – 289 дана.
  • Күндізгі стационардың емделушілері арасында әлеуметтік қызметкерлер «Диабет кезіндегі тамақтану», «Семіздіктің алдын алу», «Қант диабетінің алдын алу» тақырыбында дәрістер оқыды. Қамтылғаны 23 адам.
  • Емхана бөлімшелерінде қант диабетінің алдын алу бойынша бейнеролик көрсетілді.