контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша оқыту семинары

Дата: 2016-11-24 01:07:28
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу  бойынша оқыту семинары IMG_6036IMG_6040IMG_6047 2016 жылғы 21,22 және 23 қарашада ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның акт залында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 06 қазандағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық –түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы» № 06-2-27/6572-и бұйрығын орындау мақсатында Павлодар жоғары медициналық колледжінің директоры Г.К. Ситқазинова және өндірістік - тәжірибе жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары К.Ш. Қасенова №4 емхананың қызметкерлері – медбикелер үшін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу» тақырыпта МӘМС мәселелері бойынша 3 күндік оқыту семинары өтті. Барлық оқытудан өткендерге 8 сағаттық сертификат және МӘМС бойынша қысқаша үлестірмелі ақпараттық-түсіндіру материалдары берілді.