контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

«Ұлттық дәрілік саясат» республикалық конференциясы қатысушыларының ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-на ресми түрде келуі

Дата: 2016-11-30 05:58:29
«Ұлттық дәрілік саясат» республикалық конференциясы қатысушыларының ШЖҚ «Павлодар қаласының                               №4 емханасы» КМК-на ресми түрде келуі IMG_2588IMG_2566IMG_2578IMG_2582IMG_2572IMG_2589

Біздің Тәуелсіздік республикамыздың 25-жылдық мерейтойы қарсаңында, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, облыс әкімдігінің қолдауымен Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «КАЗМЕДФАРМ» дәрігерлер, провизорлар және фармацевттер ассоциациясымен бірлесе отырып, 25 қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық дәрілік саясаты» тақырыбында республикалық конференция өткізді. Конференцияға фармацевтикалық және медициналық білімдері бар 200-ден аса маман қатысты.

2016 жылғы 25 қарашада ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-на Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің басшысы Лариса Юн-Бойевна Пак және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР ДСӘМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, Павлодар облысы әкімдігінің, Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың республикалық ұлттық сараптама орталығының, «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибъютердің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Республикалық денсаулық сақтау дамыту орталығы облыстық филиалының, Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университетінің, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы», «ҚР фармацевтикалық өнімдерінің Дистрибьюторлары», «ҚР фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту», «Қазмедфарм» Павлодар облысы бойынша дәрігерлері мен провизорлары» Ассоциацияларының, «Химфарм» АҚ және «Нобель» АҚ отандық өндірушілердің, медициналық және фармацевтикалық қоғамдастықтың 15 өкілдері және денсаулық ардагерлері келіп кетті.