контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

«Денсаулық» акциясы

Дата: 2016-12-03 06:11:38
«Денсаулық» акциясы 20161203_11160420161203_09490920161203_11025720161203_09573020161203_10023520161203_10075320161203_10191520161203_103559

03 желтоқсанда №4 емханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау қарсаңында «Денсаулық» акциясы өткізілді. Акция шеңберінде емделушілерге келесі мамандар консультативтік көмектер көрсетті: терапевт, педиатр, жалпы тәжірибе дәрігері, акушер-гинеколог, балалар невропатологы, ересектер невропатологы, офтальмолог, хирург, лор, эндокринолог, ультрадыбыстық диагностика, ЭКГ, флюорография кабинеттері.

Сонымен қатар, акция өткізілген күні емханада Қазақстанның кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мамандары қызмет көрсетті. Жұқпалы емес ауруларды ерте анықтау үшін қан тапсыру жүргізілді. Емделушілер гематологтың, гастроэнтерологтың, кардиологтың кеңестерін алды.

Емхананың мамандары денсаулық мектебінде емделушілерге сабақтар өткізді. Барлық қатысқан емделушілер тренингтерге қатысып, ақпараттық-білімдік кітапшаларын алды.