контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы ішіндегі жетістіктері

Дата: 2016-12-07 01:57:59
ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы ішіндегі жетістіктері IMG_3117

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-ның Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы ішіндегі жетістіктері

ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК - «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы аясында құрылды және 2010 жылғы мамыр айынан бастап 3 емхананың және үш дәрігерлік амбулаторияның қосылуымен қайта құру жолымен пайдалануға берілді. 71 902 бекітілген тұрғындарға қызмет жасайды. 2011 жылдан бастап емхананың құрылымына алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесіне штат кестесі бойынша психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер енгізілді. Емханадағы кезекшілікті азайту мақсатында диспетчерлік және анықтама қызметтері және 4 тіркеу орны, соның ішінде мүгедектер мен зейнеткерлік жастағы тұлғаларға арналған тіркеу орны құрылды. « Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында және Меморандум индикаторларын орындау мақсатында емханада жалпы тәжірибе дәрігерлерінің жинақталуы жүргізілуде. Қазіргі таңда БМСК дәрігерлеріне қатысты бойынша жалпы тәжірибе дәрігерлерінің жинақталуы 40% құрайды. 2014 жылдан бастап емхана созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару бағдарламасымен жұмыс жасайды. Жұмыс үшін 2 түрдегі қант диабеті мен ауыратын науқастар тобы алынды. 2014 жылы ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК 2 жылға аккредиттеу рәсімінен өтті. 2013 жылдың аяғынан бастап емханада электрондық құжат айналымын енгізу жұмысын бастап, қазіргі таңға дейін осы жұмысты жалғастыруда. Дәрігерлердің қабылдау бөлмелерінде 2 компьютермен жабдықталған (дәрігер және медбике) жұмыс орындары құрылған. Барлық қызметкерлер «Infomed» медициналық-ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Дәрігерлерге кезекшілікті азайту мақсатында, «Дәрігерден медбикеге өкілеттікті табыстау» тәжірибесі белсенді енгізілуде. 2016 жылғы мамырдан бастап диспансерлік пациенттің бөлмесі ашылды. 2016 жылы ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК «Кезексіз емхана» республикалық конкурсында 2 орынға иеленді.