контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

Қоғамдық кеңес.

Дата: 2016-12-08 10:27:08
Қоғамдық кеңес. IMG_6483-05-12-16-05-16IMG_6480-05-12-16-05-16IMG_6488-05-12-16-05-16IMG_6474-05-12-16-05-16IMG_6485-05-12-16-05-16

«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы және Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы арасындағы қол қойылған Меморандумды орындау мақсатында ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК-да медициналық көмек көрсету сапасы мәселелері бойынша емделушілердің өтініштерін қарастыру жөнінде Қоғамдық кеңес құрылды.

2016 жылғы 02 желтоқсанда жұршылықпен байланыс шеңберде №4 емханада бас дәрігер А.Т. Отарбековтың, «Усолка» шағын ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасының қатысуымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында, өзекті мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс жоспары қабылданып бекітілді. 65 жастан асқан тұлғалардың және оның ішінде әлеуметтік әлсіз халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралардың талқылануы жоспарланған.