контакт: 8(7182)657000 pol-4ok@mail.ru
адрес: Павлодар қ. Ткачев көшесі, 16/1 pol4pav Poliklinika Pavlodar

Тұмау және жүктілік

Дата: 2017-01-12 09:20:34
Тұмау және жүктілік 94093691

Әрине, жүктілік кезінде ауруға жол беруге болмайды. Алайда, тоғыз ай ішінде ауырмаған әйелді сирек кездестіреміз. Сондықтан егер Сіздің танауыңыздан су ағып, тамағыңыз жыбырлағанын сезсеңіз, қорықпаңыз. Мүмкін, жай ғана салқын тиген болар, бұл болашақ сәбиге соншалықты қауіпті емес. Тұмау деп аталатын жұқпалы ауруды жұқтырып алсаңыз, қиыны сол.

Тұмау деген не?

Тұмаудың алғашқы белгілері баршаға мәлім - ол жоғары дене қызуы, әлсіздік, мұрын бітелу, жөтел, бас ауру. Тұмау ортомиксовирустар тобына жататын, Myxovirus influenzea деп аталатын анықталған вируспен таралады. Тұмауды жұқтыруға болмайды, бұл инфекция жұқтырған адамнан ауамен-сілекей тамшыларымен ағзаға өтеді. Ағзаға түскен тұмау вирусы жылдам көбейіп, қан ағынымен бірге бүкіл денеге таралады. осылайша тыныс жолдарының сілекейлі қабы бұзылады, осыдан кейін ол өзінің қорғаныш қызметін атқара алмайды. Сондықтан да, тұмаудан кейінгі асқынулар қатарына пневмония, бронхит, отит, синусит сияқты қабынулар жатады. Жүрек- қан тамыр жүйесі жағынан кейде жүрек бұлшық етінің қабынуы дамиды, бұл жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғады. Осындай өзінің күрделі асқынуларымен тұмау жүктілік кезінде аса қауіпті. Ең сорақысы - түсік түсу қаупі немесе мерзімінен бұрын босану. Бұдан басқа тұмау салдарынан әлсіреген ағзада, көбінде, пневмококк, гемофиль, стафилакок сияқты бактериалық инфекциялар орын тебеді. Бронхиальді астма, созылмалы бронхит, жүрек-қан тамыр аурулары, зат алмасудың бұзылуы, бүйрек аурулары және т.б. созылмалы аурулардың қозуы жиі байқалады.

Тұмауды қалай емдейді?

Әрине, тұмауды жұқтырған жағдайда бірден дәрігерге жүгінесіз және сол дәрігерге міндетті түрде жүкті екеніңізді хабарлайсыз, ол тұмаудан емделу жолдарын тағайындай отырып, емдеу жүргізеді. Жүкті әйелдерді тұмаудан емдеудің өз ерекшелігі бар. Өйткені, тұмауға қарсы қолданылатын көптеген дәрілік препараттардың қарсы көрсетілімдері бар, яғни қолдануға болмайды. Оларға аспирин, белгілі жөтелге қарсы және қан тамырын тарылтатын құралдар және кейбір вирусқа қарсы препараттар жатады. Сондықтан, жүкті әйелдерді тұмаудан емдеу кезінде халықтық емдеу жолдарына көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, сұйықты көптеп ішу қажет, өйткені су ағзадан вирусты шығаруға көмектеседі. Сұйық ішкенде де, құрамында С дәрумені бар және қышқылтым су ішу қажет, оларға: морстар, таңқурай, лимон немесе бал қосылған ыстық шай, итмұрыннан жасалған сусындар жатады. Дене қызуын түсіретін препараттардан жүктілерге парацетамол дәрісін қабылдауға рұқсат етіледі. Жөтелден дәрігер жүктілік кезінде рұқсат етілетін жөтелге қарсы дәрілер мен кеуде жиынтықтарын тағайындайды. Сондай-ақ, түймедақ, календула, жалбыз, эвкалипт, зверобой, багульник, қарағай шөптерімен булау аса тиімді. Тұмау кезінде антибиотиктер тіпті, жүкті емес адамдарға да тағайындалмайды.

Тұмаудың алдын алу қандай?

Жүкті әйелдердің иммунитеті, яғни қорғаныш қабілеті әлсіз, сондықтан басқаларға қарағанда ауру жұқтыру жағдайлары аса жоғары. Осыған байланысты дәрігерлер болжалған эпидемия алдында тұмауға қарсы екпе ектіруге ұсыныс береді. Заманауи екпелер тұмаудың өлген вирусынан тұрады, сондықтан бала үшін қауіпсіз болып саналады. Алайда, егер сіздің жүктілік кезеңіңіз 14 аптадан аз болса, тұмауға қарсы екпені ектірудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, бір де бір екпе осы аурумен ауырмайтыңызға нақты кепілдік бере алмайды. Бәрі-бір тұмаумен аурудың жасырын түрде болсын, аздаған мүмкіндігі қалады. Иммунитетті көтеру артық болмайды. Ол дегеніміз - шынығу, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және қимыл белсенділігі. Бұдан басқа, көптеген дәрігерлер көпшілік жерлерге шығарда мұрынның кілегейлі қабатына оксалин немесе виферон жақпа майларын жағуды, ал кешкісін ұйықтар алдында күні бойы жиналған "зиянкес" микробтарды жуып тастау үшін ауыз қуысын календула немесе эвкалипт тұнбаларымен шайқауды ұсынады. Егер жүктілік қандай да бір асқынуларсыз өтіп жатса, өзіңізді жақсы сезінсеңіз, УДЗ бала дамуы қалыпты деп көрсетсе, барлық талдауларыңыз қалыпты болса, онда сіз әйел затына берілетін үлкен сый - жүктілік кезеңін әрі қарай алаңсыз өткізуіңізге болады.