контакт: Дәрігер-сарапшы- 8(7182)-55-57-34 Регистратура - 8(708)4665715; 8(7182) -55-52-10 Instagram - @pgcrd_pvl E-mail - pgcrd@mail.ru
адрес: Павлодар қ-сы, Лермонтов к-сі, 59 үй

Орталық туралы

Дата: 2011-09-02 11:18:03

Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы Павлодар қаласының балаларына оңалту көмегін береді. Медициналық оңалту нысаны - ауру, ал негізігі мақсаты - осы аурудың белгілерін жою болып табылатын  емдік медицинаны алмастырады.  Оңалту  емінің мақсаты - аурудың белгілері болмаса да, баланың жалпы денсаулығын қалпына келтіру, бұл оңалту емінің өрлеуі болып табылады. Оңалтудың түпкі мақсаты – ішкі ортаның жағдайына бейімделген дені сау баланы қалыптастыру. Қалпына келтіру емін біз емдік-сауықтыру шараларынан басқа, науқастануы кезінде өз жағдайын түсінетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталған психологиялық, логопедтік түзетуді және қалпына келтіру барысына отбасын белсенді қатыстыруды қамтитын бірыңғай медициналық-психологиялық-логопедтік процесс деп қарастырамыз. Біздің міндетіміз оңалту шараларының ерте басталуын, кешенділігін, үздіксіздігін және қолайлылығын қамтитын негізгі ережелермен кезеңдігін сақтайтын бағдарламаны іске асыру болып табылады.