
халықаралық ғылымы конгресі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «Назарбаев Университеті» ДБҰ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ қолдауымен 2014 жылғы 24 қыркүйектен бастап 28 қыркүйек аралығында Астана қаласында сумен және климатпен емдеу (FEMTEC) дүниежүзілік федерациясының 67-ші бас ассамблеясының сессиясы және халықаралық ғылыми конгресі ұйымдастырылды.
Конгреске 250-ден астам адам, әсіресе, әлемнің 20 елінен курорт басшылары, қалпына келтіру медицинасы және курортология саласының ғылымдары мен мамандары, денсаулық сақтау, туристік биснес өкілдері, медициналық ұйымдардың бірінші басшылары қатысты.
FEMTEC-әлемдегі ең ірі курорттардың бірлестігі, оның құрамына Жапония,Корея, Германия, Италия,Франция, Румыния, Куба, Қытай, Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Литва, Венгрия және басқалар кіреді.
Конгрестін міндеттеріне Қазақстан санаториялары мен курорттарының емдік және климаттық бірегей ерекшеліктерімен әлеуетті шетел туристерін таныстыру және медициналық туристердің ағымын тарту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюі кірді.
Қазақстан Республикасының Вице-Премьері Г.Н.Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, Н.М.Петухова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірінші Вице -министірі С.З.Қайырбекова, «НМХ» АҚ басқарма төрағасы Кен Алибек, Қазақстан Республикасындағы Куба елшісі, Қазақстан Республикасындағы Италия елшісі, Қазақстан Республикасындағы Венгрия елшісі, және Россия, Румыния, Қытай Сан-Марино, Польша, Алжир, Тунис, Испания, Швейцария, Литва мен Германия өкілдері құттықтау сөздермен сөйледі. Осы шара биік деңгейінде өтті.
Біздің облыстан Денсаулық сақтау басқармасы өкілі ретінде (Г.К.Сейітқазинова), Павлодар облысы бойынша әлеуметтік бағдарлама және жұмыстылықты үйлестіру басқармасы («Мүмкіншіліктері шектеулі балаларды оңалту облыс орталығы»), «Самал» РО мүгедектер ҚБ , «Муялды» санаториясының (бас директоры, бас дәрігері) «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» РМК ПФ директоры(С.Б.Имангазинов) қатысты.
Конгресс мәжілісі Астана қаласында және « Бурабай» курорттық аумағында өтті. Қатысушылар мен қазақ еліне келген қонақтар «Республикалық балаларды оңалту орталығы»-на барып, «Оқ Жетпес» санаториясын аралап және Астана қаласы мен Бурабайға экскурсияға қатысып, ұлттық нақыштармен, ұлттық музыкалық концерт бағдарламасымен танысты.