контакт: Дәрігер-сарапшы- 8(7182)-55-57-34 Регистратура - 8(708)4665715; 8(7182) -55-52-10 Instagram - @pgcrd_pvl E-mail - pgcrd@mail.ru
адрес: Павлодар қ-сы, Лермонтов к-сі, 59 үй

дөңгелек үстел

Дата: 2015-04-17 09:58:37
дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, облыс денсаулық сақтау басқармасының 2014-2016 жылдарға арналған балалар медициналық оңалтудың дамыту мен жетілдіру оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға  оңалту көмегін көрсету  бойынша   іс –шаралар орындау және облыстық  медициналық ұйымдарға, балаларды оңалту мәселесі бойынша әдістемелік-ұйымдастыру мен тәжирибелік көмек көрсету мақсатында Орталықпен, 2015 жылдың 17 сәуірде аудан педиаторларына, балалар бөлімшелерінің меңгерушілеріне, жалпы тәжірибелік дәрігерлірге арнап дөнгелек үстел ұйымдастырылды. Бас дәрігер, ДСБ бас, штаттан тыс реабилитологі Г.К.Сейітқазинова келген қонақтарды Орталықтын қызметімен, оңалту бойынша нормативтық-құқықтық актілерімен таныстырып өтті. Түйінді мәселелерді белгіледі. Орталықтың оңалтушылары қалпына келтіру емің алу және балалар мен жас өспірімдерге медициналық оңалту көмегін көрсету бойынша ережелерімен таныстырды. Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға және олардын оңалтуына ерекше назар аударылды.Талқылау барысында, өтініштер мен тілектер, сұрақтар мен жауаптар, айтылып тыңдалды. Әріптестерге, Орталықтың мүмкіншілігі туралы айтылып, таратпалы оқу құралдыры мен қалпына келтіру емі бөлімшелерің жұмыс орындарында  ұйымдастыру бойынша  ұсынулар берілді. Орталықтың оңалту беру жөніндегі мүмкіншілігіне жігерленіп педиаторлар дөңгелек үстелін ұйымдастырған үшін  алғыстарын білдірді.