
Біз тұрақты Қазақстан үшін!
Дата: 2015-04-27 05:22:37

Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығының ұжымы 2015 жылдың 26 сәуірінде маңызды тарихи оқиға Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына белсенді қатысты. Күндізгі сағат 11-ге дейін Орталықтың барлық қызметкерлері және олардың жанұя мүшелері конституциялық, патриоттық, азаматтық парыздарын орындап мерекелік жақсы көңілмен Қазақстанның жедел дамуына, өркендеуіне өз және балалардың болашағына даустарын берді.