контакт: Дәрігер-сарапшы- 8(7182)-55-57-34 Регистратура - 8(708)4665715; 8(7182) -55-52-10 Instagram - @pgcrd_pvl E-mail - pgcrd@mail.ru
адрес: Павлодар қ-сы, Лермонтов к-сі, 59 үй

Бақытты балалық шақты бізге сыйла

Дата: 2015-06-01 09:42:12
Бақытты балалық шақты бізге сыйла

1 маусым күні Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығынның ұжымы осы күнге сай тәқырыпты, әсерлі костюм киіп өз емделушілерің қарсы алды. Кіреберісте, балалардың қолдан жасаған зергерлік бұйымдары, құттықтау хаттары, декорация элементтері, кенепке майлы бояумен салған картиналары мен акварель суреттері көрмегеқойылды. Мүмкіншіліктері шектеулі балалардың қатысуымен,Орталықтың алдында балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар шеңберінде, асфальтта салынған балалар суреттерінің байқауын өткізді. Мерекелік бағдарламасымен  кәсіпқой, күлдіргі артист балалар мен және олардың ата-аналарының алдында ойын жүргізіп, балаларды күлдіріп, концерт қойды. Мереке біздің емделушілерімізге ғана емес оларды ерітіп келген ата-аналарына, туыстарына да ұнады. Балаларға осындай мерекелік бағдарлама ұйымдастырған үшін, Ата-аналар Орталық ұжымына алғыс айтты.     Конкурсқа қатысқан балаларға ұмытылмас сыйлықтар тапсырылды.