
«Жақсылықты бірге жасап жатырмыз»
Ағымды жылдың 19 тамызында «Мектепке жол» атты Республикалық акция шеңберінде Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы «Жақсылықты бірге жасап жатырмыз» атты акциясына қатысты Облысымызда осы шараның ұйымдастырушылары «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы Халықаралық қозғалысының Павлодар бөлімшесі, Павлодар облысының «Жас Отан» атты Жастар Қанаты, «Асыл бала» атты Республикалық қорының Павлодар филиалы. Акция бағдарламасы бағыттарының бірі – Облыстық және аудан медициналық мамандарымен Аққу ауданының балаларың тексеру. Балалар және жас өспірімдердің денсаулығын қорғау мәселелері бойынша Үкіметтік емес ұйымдармен мекеме аралық өзара әрекеттесу шеңберінде Орталықтың бала дәрігері Роза Жақыпқызы Құрманова балалардың дәрігерлік тексеруіне қатысып, 30-дан аса бала қарады, оның ішінен алғашқы рет қойылған диагнозбен 3 бала айқындалды, олар қаралу өтуіне облыс балалар ауруханасына жіберілді. Бұдан басқа, емшекпен асырау, Мектептік жас балалардың тамақтандыруы, сколиоздың алдын алу, балалардың жарақаттанулары туралы аналармен әнгімелер өткізіліп, ішкі бақылау және емделушілерді қолдау бойынша дәрігерлік амбулаториясына тәжірибелік көмек көрсетілді.