
Мүгедектерге оңалту көмегін көрсету бойынша сектораралық қарымқатынас

2015 жылғы 7 - 11 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында «Тұрғын халықтарға әлеуметтік қызмет көрсетудың жүйесін ары қарай жетілдіру басымдықтары» тақырыбы бойынша басшылар,Астана қаласы және Павлодар, Қарағанды облыстарының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ведомстволық бағыныстарының орынбасарлары мен әлеуметтік қызметкерлері біліктіліктерін арттырды. Үйрену семинарын ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы кадрлардың біліктіліктерін арттыру курстары» Мемлекеттік Мекемесі. Оқу бағдарламасына сәйкес, 9 қыркүйек күні денсаулық басқармасының штаттан тыс бас балалар оңалтушы Г.К.Сейітқазиновамен «Денсаулық сақтау органдарының әлеуметтік халықты қорғау органдарымен мүгедектердің медициналық оңалту бойынша қарым қатынасы туралы» тақырыбы бойынша презентациясы өтті. Презентациясында Денсаулық сақтау басқармасының мүгедектерге және оның ішінде балаларға оңалту және әлеуметтік көмегін көрсету бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып денсаулық сақтаудағы нормативтік-құқықтық актілерімен және Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсету ұйымдастырудың стандартымен таныстырып өтті. Семинарда №5 қалалық емханасының әлеуметтік қызметкері О.И. Мымрикова қатысып өз жұмысының тәжірибесімен бөліністі. Семинарға қатысушылармен талқылау барысында сындарлы әңгімелесу өтті. Мемлекеттік Мекеме директоры С.С.Оразова біздің облысымыздың денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмысының қызметің ұйымдастыру бойынша үйлесімді жұмысын атады.