контакт: Дәрігер-сарапшы- 8(7182)-55-57-34 Регистратура - 8(708)4665715; 8(7182) -55-52-10 Instagram - @pgcrd_pvl E-mail - pgcrd@mail.ru
адрес: Павлодар қ-сы, Лермонтов к-сі, 59 үй

Емдік дене шынықтыруының өзекті мәселелері

Дата: 2015-11-18 05:57:34
Емдік дене шынықтыруының өзекті мәселелері

      Облыстық  денсаулық сақтау басқармасымен,  облыстың қалалар мен аудан орта медициналық қызметкерлеріне (ЕДШ нұсқаушыларына,  массаж, физиоқабинет мейірбикелеріне,) алғашқы рет емдік дене шынықтыруының өзекті мәселелері бойынша көшпелі циклін ұйымдастырды. Біліктілікті арттыруды, Тойдық Ыбырашқызы Қаладинова «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ-ның кинезотерапевты (ЕДШ дәрігері) өткізуде. Жоғарыда аталған  Орталықта неврология патологиясымен  балаларға, оның ішінде БЦП-мен  балаларға, жоғары мамандырылған оңалту көмегін көрсететің халықаралық маңыздылығы бар бірегей Орталығының бірі болып  табылады. Бұдан басқа, орта және  жоғары  құрамдас бөліктерінің мамандарын оқыту  мен ұйымдастыру-әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсетілуде.Орталықтың мамандары оқу мен  жұмыс тәжірибелерін Қытай, Жапон, Литва, Рессей, Израиль, Германия, Италия,Словения т.б. жақын және алыс шетел елдерде өтеді. Біздің мамандарымыздың  оқулары  (25 адамнан аса) теориялық пен тәжірибе дағдыларды қолдауымен Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығының базасында өтуде.Бұдан басқа кемтал балаларды сауықтыру облыстық орталығы  базасында (әлеуметтік қорғау ведомствосы) БЦП  балалармен жұмыс істеу бойынша шеберлік сабағы өткізілді (емдік дене шыңықтыру, бассейн, мантиссори, механотерапия) Орталықтың қызметімен және арнайы жабдықтарымен танысу шаралары өтті.Осы Циклде БЦП-те, табан өзгеруі, инсульт, инфаркт, жүректің қолқалық кемістігіндеріне, артериялық гипертензия, остехондроздарға, медициналық оңалтуын көрсетуге, назарлар бағыттаған. Көшпелі цикл 2015 жылғы 16 -20 қараша аралығында сертификат беруімен өтеді.