
Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа Заң

Павлодар қаласында 3-4 акпан күндері басшыларға, бас есепшілерге және меншік түрлеріне қатыссыз облыс мамандарына « Мемлекеттік сатып алулар: тиімді сатып алу әрекетінің теориясы мен тәжірибесі. Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа Заң» тақырыпты оқу- үйрену семинары өтті. Облыстық медициналық ұйымдар үшін үйрену семинарын ұйымдастырған денсаулық сақтау басқармасы.
Лектор «Астана Өрлеу» ЖШС-нен Ақнүр Аликқызы Шагбаева мемлекеттік сатып алу туралы жаңа Заңда өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірді.Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648, және 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №694 мемлекеттік сатып алу саласында реестрларды құрастыру және жүргізу Ережелеріне егжей-тегжейлілі тоқтап, тұскен сұрақтарға толық жауап берді. Мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік жұмыс өткізілді. Бұдан басқа таратылмалы материалдар мен сертификат берілді.
Осы семинарға бас дәрігер Г.К.Ситказинова мен экономист/ мемлекеттік сатып алу бойынша маманы Г.В.Андреева қатысты.