Денсаулық сақтау мамандарына арналған шетелдік тағылымдама.
Дата: 2016-05-31 23:38:14
2016 жылдың 30 сәуірінен бастап 10 мамырға дейін Инновациялық Еуразия университетінің магистранттары Чехияда шетелдік ғылыми тәлімгерліктен өтті. Тәлімгерлікке мамандандырудың «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» мамандығы бойынша магистранттары қатысты. Олардың ішінде: Фарида Тұрақбаева – ШЖҚ «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» КМК бас дәрігері,
Бақыт Қасымова –Шарбақты орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері,
Ардақ Күзеков – облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері,
Гүлнәр Сейітқазинова – Павлодар медициналық колледжінің директоры,
Зәуре Айдарханова – Лебяжі орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері,
Алмагүл Әйткенова – Қашыр орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері,
Ғалымжан Әміркенов – Шарбақты орталық аудандық ауруханасының сарапшысы,
Еркін Дүйсенбинов – облыстық онкодиспансерінің онколог дәрігері. Тәлімгерлікті Праганың даму орталығы ұйымдастырды. Магистранттар үшін мына тақырыптар бойынша дәрістер оқылды: «Білім берудің қазіргі заманғы беталыстары», «Чехия: ел, адамдар, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесі», «Чехияның денсаулық сақтауындағы ақпараттық жүйелері», «Чехияның медицинасында және денсаулық сақтау саласындағы иннновациялық практикасының перспективалары», «Чехия Республикасы Денсаулық ұлттық стратегиясыя-2020». Одан басқа, қатысушы тағылымдамашылар «Medin» және «ProSpon» компанияларының жарақаттанудағы қондырымдарды және хирургияға арналған медициналық құралдарын шығаруға мамандандырылатын бірқатар медициналық мекемелеріне, сондай-ақ қатерлі ісік ауруларын емдеу жөніндегі протонды орталығына, Томайер көпшілік ауруханасына, Виноградов госпиталіне, ең үлкен аурухана – Мотолға барды. Медициналық мекемеде магистранттар алғашқы медициналық жәрдем беру жүйесімен, медициналық персоналдардың жұмыстарын ұйымдастыруымен, палаталардағы және операция жасау орындарының қазіргі заманғы жабдықтарымен танысты. Тағылымдама барысында Чехия денсаулық сақтау жүйесінің үлгісінде магистранттар денсаулық сақтау менеджментінің саласында жаңа білім алды, олар оны өздерінің алдағы уақыттағы кәсіби қызметтерінде қолдана алады, медициналық орталықтарымен және мекемелерімен пайдаға асарлық қарым-қатынас орнатты.