
ШЖҚ «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы» КМК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдықта жеткен жетістіктері.
Дата: 2016-12-12 08:38:11
1987 жылы Павлодар қаласындағы бірлескен қалалық балалар ауруханасында емдеуді қайтадан қалпына келтіру бөлімі ретінде өзінің қызмет жолдарын бастаған болатын. 1998 жылы 28 шілде №1-58-р Павлодар облысы әкімдігінің өкімімен «Балаларды қайтадан қалпына келтірудегі емдеу бөлімі туралы » бөлімшеге Павлодар қ.балаларға медициналық қызмет көрсету үшін арналған дербес заңды тұлға мәртебесі берілді. 1999 жылы 3 наурызда «Қалалық балаларды оңалту орталығы» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болып тіркелді. Қазіргі уақытта Орталық Павлодар қ.тұрғылықты балалар мен жасөспірімдерді бірінші аусымда 100 баладан қабылдайды. 1992 жылы Орталықта 0 және 4 жастан бастап жүзу бассейні «Жүруден бұрын жүзу» атты бағдарламасы бойынша қызмет істейді. 2008 жылы Орталықта күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.Жүзу бассейнін жақсарту үшін сол жылы сүзгілеу және су жылытуға арналған құралдар орнатылды. 2008 -2011 жылдары заманауи физиотерапевтік құралдар ,емдік денешынықтыру залына арналған құралдар сатып алынды. 2013 жылы мультидисциплинарлық бригада құрылды,онда әр балаларды қайта қалпына келтіруді емдеуге бағытталған оңалтудың жеке бағдарламасының тізбесі құрастырылды. 2014 ж. бәсеңделетін бейне жазбалы заманауи галокамера (тұзды шахта) орнатылды. 2014 жылы шілдеден бастап мүмкіндіктері шектеулі балаларға (бала жасынан мүгедек) оңалту көмегін көрсетудің көлемі ұлғайды. Басым бағыттары қозғалыс қимылдары 5 жастан сақталған сал аурулы балалар. 2014 жылы Орталықтың логопедттерімен балаларда тіл үйренудің бұзылуы бойынша педагогикалық қашықтықтан оқыту бағдарламсы қолданылады, алған білім-білік дағдыларын қорыту бағытта. Орталық «Республикалық балаларды оңалту орталығы»АҚ тығыз байланыста, әдістемелік және тәжірибелік көмектерін ұйымдастырып отырады. 2015 жылы біздің Орталықта «Республикалық балаларды оңалту орталығы»АҚ қызметкерлерімен «Емдік денешынықтырудағы өзекті мәселелер» циклы бойынша оқыту жүргізілді. 2016 жылы Орталық парафинмен емдеу заманауи құралын сатып алды.