
Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріндегі компьютерлік томография кабинеті
«Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» КМҚК әкімшілігі Сізге «ПООД» КМҚК-да компьютерлік томография кабинеті ашылғандығы туралы хабарлайды. Барлық мүшелер мен жүйеге компьютерлік томография жасалады. Емделушілерді ақылы түрде жіберулеріңізді ұсынамыз. Бір жақтық компьютерлік томографияның бағасы 8500 (сегіз мың бес жүз)теңге. Бір жақтан көп тексерістің бағасы қосымша 5200 (бес мың екі жүз) теңге. Тексерілудің бағасы 2011 жылғы 1 қазандағы бағатізбедегі Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы А.М.Күзековпен бекітілген. Стационарлық емделушінің бір жақтық контрастсыз тексерілісі 6022,97 (алты мың жиырма екі) теңге, коды 11.100, контрасты бір жақтық компьютерлік томография 20757,36 (жиырма мың жеті жүз елу жеті) теңге, коды 11.100а. Стационарлық емделушінің тексерілу бағасы ҚР ДСМ 2010 жылғы 12 сәуірдегі №253 «Стационарлық және стациоанарды ауыстыратын көмек үшін медициналық қызмет бағасы мен тізімінің бекітілуі туралы» бұйрығымен бекітілген.